check

You are here

Жаңартылған АӘК төлемдері тұрақты негізде жалғасатын болады-Сапарбаев

кездесу

Сенбі, 4 мамыр күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Тұңғыш Президент - Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік бастамаларын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Б.Сапарбаев әлеуметтік шараларды жүзеге асыру тұрақты негізде жалғасатындығын атап өтті. Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің жақын арада тоқтатылатындығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Жалпы республика бойынша «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасын жүзеге асыруға 3 жылға 2 трлн 200 млрд. теңге көзделген, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алуға 320 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінгі күні біз барлық облыстарды қаржыландырумен қамтамасыз еттік, негізінен 130 млрд. теңге республикалық бюджет, оның ішінде 19 млрд. жергілікті бюджет», – деді министр Елбасының әлеуметтік шараларын жүзеге асыру туралы дөңгелек үстел барысында.

Сондай-ақ, Министрлік жергілікті атқарушы органдар аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы орган есебінен 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету шаралары кіреді.

2019 жылы жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 821 мыңға жуық қазақстандық 83 млрд теңгеге әлеуметтік қолдау алады деп жоспарлануда. Еңбек министрі аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жұмыстарына демеушілер де белсенді түрде тартылатынын айтты.

1 сәуірден бастап жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттарды қабылдау жүргізілуде. 4 мамыр күнгі жағдай бойынша жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 131 315 отбасына төленді.

Министр Нұр-Сұлтан қаласындағы отбасын мысалға келтірді, әкесі 73 954 мың теңге алып, анасы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған - 16 160 мың теңге. Отбасында 7 бала. Отбасының АӘК мөлшері 26 710 ересек адамға және 151 004 балаға. Нәтижесінде отбасының табысы айына 267 828 - бұл жылына 2 млн 132 мың теңге.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Осылайша, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және табыстың өсуі үшін көп балалы ауылдықтарға 505 мың теңге мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілетін болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ауылдағы көп балалы аналар мен мүгедектігі бар адамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға 5 мың микрокредит бөлінеді.

Сонымен қатар, көпбалалы аз қамтылған ауылдық отбасылар үшін сұранысқа ие кәсіптерге қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылады. Жекелеген жұмыс түрлері бойынша жалақыны субсидиялаумен үйде әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады.

4 мамыр, 2019 - 18:50 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші