check

You are here

2019 жылдың мамыр айында көпбалалы отбасыларға 1300-ден астам пәтер беріледі

министр

Бейсенбі, 2 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы ауданының аз қамтылған және көп балалы отбасыларымен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиева, ИИДМ Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов қатысты.

Еңбек министрлігінің басшысы Тұңғыш Президент - Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасы аясында ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 1,1 миллион мемлекеттік қызметкердің жалақысы 30 пайызға дейін өсетінін еске салды. 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларға және бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсету бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері артады. Нәтижесінде 100 мың азамат үшін жәрдемақылардың мөлшері 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін өседі.

1 сәуірден бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар қабылдау жүргізілуде, биыл 830 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда. Атап айтқанда, Алматы ауданында АӘК алушылар саны 2028-ден 2954 адамға дейін өседі. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жаңартылған АӘК алушылар шамамен 7 мың адам болады.

АӘК тағайындау рәсімі сұратылған құжаттарды оңтайландыру арқылы жеңілдетілді. Сонымен, барлық қажетті құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы алынады. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда халықты жұмыспен қамту орталықтарының немесе ауылдық әкімдіктердің мамандары тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуды ресімдейді.

Атап айтқанда, 1 мамырдағы жағдай бойынша "Е-Халық" жүйесінде Алматы ауданы тұрғындарынан АӘК-ке 847 өтініш қабылданды, 467 отбасы әлеуметтік көмек алды, сонымен қатар 112 отбасыға ақшалай төлемді автоматты түрде қайта есептеу жүргізілді.

Сондай-ақ өңірлерде электрондық әлеуметтік карталарды қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Олар әрбір отбасының қажеттіліктерін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын бағалауды қарастыратын болады.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Сонымен, жұмыспен қамтамасыз ету және табысын арттыру үшін көп балалы ауыл тұрғындарына 505 мың теңге мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілетін болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ауылдағы көп балалы аналар мен мүгедек адамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға 5 мың шағын несие беріледі.

Сонымен қатар, көп балалы аз қамтылған ауылдық отбасылар үшін қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылады. Жекелеген жұмыс түрлері бойынша жалақыны субсидиялаумен үйде әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады.

Сондай-ақ, Министрлік әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі. Әлеуметтік пакетте жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен көрсетілетін әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызметтердің 11 шарасы қамтылған.

Б. Сапарбаев көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылатынын атап өтті. Қолданыстағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларынан басқа, Қазақстанда бизнесті әлеуметтік жобаларға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

"Осы айда пәтер беру басталды. Біздің мақсатымыз тек қана бюджеттен мамыр айында көп балалы отбасыларға кемінде 1316 пәтер беру, қазірдің өзінде 249 пәтер берілді. Қазір бұл жұмыстар белсенді жүргізілуде. Сондай - ақ кәсіпкерлермен, кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіледі", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Кездесуге қатысушылар елорда тұрғындарының барлық сұрақтарына жауап берді.

 

3 мамыр, 2019 - 13:11 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші