Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК «Мемлекеттік әлеуметтік көрсетілетін қызметтер шеңберінде әлеуметтік жұмыстың тиімді жүйесін дамыту үшін техникалық қолдау» жобасының шеңберінде Әлеуметтік жұмысты дамыту жөніндегі ресурстық орталықтың стратегиялық жоспарлау ұлттық сарапшысы бос лауазымына орналастыру үшін конкурс жариялайды.
Біліктілік талаптары:
2018 жылғы 10 қыркүйектегі ЮНИСЕФ техникалық тапсырмасында баяндалған рәсімдерге сәйкес жеке кеңесшілер іріктеп алынады.
Конкурсқа қатысқысы және біліктілік талаптарға сәйкес келетін барлық тұлғалар 2019 жылғы 13 мамырға дейінгі мерзімде орыс және ағылшын тілінде жазылған түйіндемені және таңдалған тапсырмада көрсетілген ақпаратты, хат мәтінінде позицияны міндетті түрде көрсете отырып, kazto@kazto.kz электронды мекенжайға жіберуді сұраймыз.
Байланыс телефондары: +7 (7272) 79-80-91.