You are here

Кәсіби біліктілік: заманнан қалмау

Технологиялардың дамуы, жұмыс ортасының мобильділігі және бәсекелестіктің күшеюі еңбек және жұмысбастылықтың сипатын өзгертті. Қазіргі заманда біліктілік экономикалық жоспарлаудың, дағдыларға деген қажеттіліктерді болжаудың, білім беру жүйесін дамытудың құралына айналып отыр.

Еңбекті ұйымдастырудағы өзгерістер жұмысшылардан үнемі бейімделуді және өз құзыреттіліктерін жетіліруді, ал мемлекет пен жұмыс берушілерден құзыреттіліктердің қай жерде және қалай меңгерілгеніне қарамастан, оның жаңа сапасын мойындауды талап етеді. Басқаша сөзбен айтқанда, білімге негізделген заманауи қоғамда біржола білім алу мүмкін емес, оны белгілі бір даму нүктесінде жетілдіріп отыру қажет. Жұмысшының дипломы қандай екендігіне қарағанда, құзыреттіліктер арқылы өлшенетін оның біліктілігі маңыздырақ. Ал бұл, өз кезегінде, жұмысшыға да, жұмыс берушіге де, мемлекетке де түсінікті болатын біліктілік жіктемесін сипаттайтын тетікті қажет етеді.

Белгілі бір саладағы біліктілік деңгейін құрылымды түрде сипаттау үшін біліктіліктің салалық шеңбері (БСШ) қолданылады. UNESCO, Cedefop (Еуропаның Кәсіби білімді дамыту жөніндегі орталығы) және Еуропа білім беру қорының мәліметі бойынша 2017 жылы біліктіліктер шеңберін дайындау және ендіру үдерісі 150-ден аса елді қамтыды. Қазақстан да бұдан қалыс қалған жоқ: 2016 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жобасын іске қосты. Жоба міндеттерінің бірі БСШ жүйесін жетілдіру болып табылады.

БСШ-ті дайындау туралы әдістемелік ұсынымдар Қазақстанда 2016 жылдан бастап қызмет етіп келеді, ал жетілдіру бағытындағы жұмыс ұдайы жүргізіліп жатыр. Жобаны жүзеге асыру аясында БСШ-ті дайындау әдістемесін жетілдіру бойынша ұсынымдар ендірілді. Атап айтқанда, БСШ-ті жұмысшылардың құзыреттіліктеріне және оқыту нәтижелеріне қарай бағдарлау ұсынылды, өйткені жүргізілген талдауға сәйкес қазіргі таңда дәл осы өлшемдер білім беру жүйесінің және еңбек нарығының талаптарымен біріктірудің жалғыз ғана жолы болып табылады. Жоба аясында ұсынылған БСШ-ті қалыптастырудың бірыңғай құрылымы ең үздік халықаралық тәжірибені талдау негізінде құрылды, сондықтан еуропалық және әлемде бар басқа да біліктіліктер шеңберіне сәйкес келеді. Біліктіліктерді жаңарту, жаңаларын қосу, ескірген біліктіліктер мен құзыреттіліктерді алып тастау бағытындағы жұмыстар экономикалық жағдайға мониторинг жүргізу нәтижесінде жүзеге асырылмақ. Жаңғырту үдерісіне еңбек нарығының барлық қатысушылары, соның ішінде кәсіби қауымдастықтар және жұмысшылардың өзі тартылатын болады.

Салалық шеңберлер мен біліктілік жүйелерін дайындау және жаңғырту жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы үлкен алшақтықтан, сондай-ақ, еңбек қорларының мобильділігіне байланысты туындаған нақты қажеттілікпен алғышарттанған.  Біліктіліктер шеңбері жұмыс берушілерге жұмысшылардың құзыреттілік деңгейін түсінуге арналған өлшем ретінде, сондай-ақ, біліктілікке деген жетіспеушілікті және оқытуға деген қажеттілікті анықтауға көмектесетін құрал ретінде қызмет етпек. Біліктіліктер шеңбері арқасында жұмысшылар табысты жұмысқа орналасуға және мансап бабымен өсуге мүмкіндік беретін жаңа құзыреттіліктерді игеру барысын өздері жоспарлай алатын болады. Біліктіліктер айқын түрде сипатталған сайын, жұмысшыларға бір біліктілікті игеріп, екіншісіне өту, өз оқуын жоспарлау жағы түсініктірек бола түспек. Ал БСШ-ті білім беру ұйымдары деңгейінде ендіру салада ресми түрде мойындалған біліктерді түсінуге мүмкіндік беріп, оның негізінде оқыту бағдарламаларының мақсаты мен бағалау әдістері нақты тұжырымдалатын болады.

Кең мағынада қарастыратын болсақ, біліктілік шеңберін қолдану кәсіпке бағдарлау қызметін оңтайландырып, бұл жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және еңбек сапасын көтеруге жағдай жасамақ.

https://bnews.kz/ru/news/professionalnaya_kvalifikatsiya_bit_v_trende%201

30 сәуір, 2019 - 12:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші