check

You are here

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім

Жоба

 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы

КЕЛІСІМ

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзінің азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттеу ниетін басшылыққа ала отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Анықтамалар

Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

«тұру мемлекеті» – аумағында еңбекшінің тұрғылықты жері орналасқан мүше мемлекет;

«жұмысқа орналастырушы мемлекет» – аумағында еңбекшінің зейнетақы құқықтары қалыптасатын не қалыптасқан мүше мемлекет;

«құзыретті орган» – құзыретіне өз мемлекетінің зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын іске асыруға қатысты мәселелер кіретін мүше мемлекеттің мекемесі (ұйымы);

«тұрғылықты жері» – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сондай деп айқындалатын немесе танылатын еңбекшінің тұратын жері;

«жинақтаушы зейнетақылар» – Армения Республикасында міндетті жинақтаушы зейнетақы, Қазақстан Республикасында қалыптасқан зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдері, Қырғыз Республикасында зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен төлемдер және зейнетақы жинақтарының бөлігі, Ресей Федерациясында зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен жинақтаушы зейнетақы және төлемдер;

«дербес деректердi өңдеу» – автоматтандыру құралдарын қолдану немесе қолданбау арқылы (дербес деректерді жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), шығарып алуды, пайдалануды, беруді (таратуды, ұсынуды, қол жеткізуді), иесiздендiруді, бұғаттауды, жоюды қоса алғанда) дербес деректермен жасалатын кез-келген iс-әрекет (операция) немесе осындай     іс-әрекеттердің (операциялардың) жиынтығы;

«зейнетақылар» – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес зейнетақыға белгіленетін төлемдерді (қосымша ақыларды) және арттыруларды қоса алғанда, осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағында көрсетілген ақшалай төлемдер;

«зейнетақы жарналары»:

Армения Республикасында – зейнетақыға құқық беретін салықтар және (немесе) өзге жарналар;

Беларусь Республикасында – міндетті зейнетақыны сақтандыруға сақтандыру жарналары;

Қазақстан Республикасында – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналары;

Қырғыз Республикасында – Зейнетақы қорына және Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына сақтандыру жарналары;

Ресей Федерациясында – міндетті зейнетақыны сақтандыруға сақтандыру жарналары;

«дербес деректер» – электрондық, қағаз және (немесе) өзге материалдық жеткізгіштегі, олардың негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты және субъектінің жеке басының ұқсастығын тікелей немесе жанама анықтауға мүмкiндiк беретiн мәліметтер;

«жұмыс өтілі» – жұмыс және (немесе) өзге қызмет кезеңі (оның ішінде зейнетақы жарналарын төлей отырып), сондай-ақ зейнетақыға құқықты айқындау және оның мөлшерін есептеу кезінде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес есепке алынатын өзге де кезеңдер;

«еңбекші» – басқа мүше мемлекеттің аумағында еңбек немесе өзге қызметті жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтары қалыптасатын не қалыптасқан мүше мемлекеттің азаматы;

«уәкілетті органдар» – зейнетақымен қамсыздандыру саласында реттеуді жүзеге асыратын және (немесе) медициналық – әлеуметтік  сараптама (кешенді куәландыруды)  жүргізуді жүзеге асыратын органдардың (мекемелердің) қызметін регламенттейтін мүше мемлекетердің  атқарушы билік органдары;

«отбасы мүшесі» – еңбекшімен некеде тұратын адам, сондай-ақ оның асырауындағы балалары және жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес отбасы мүшелері болып танылатын басқа адамдар.

Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы                            29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және тиісті мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған мағыналарда қолданылады.

2-бап

Адамадар тобы және қолдану саласы

1. Осы Келісім еңбекшілерге және отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады.

2. Осы Келісім мынадай зейнетақыларға қолданылады:

2.1. Армения Республикасында:

1)  еңбек зейнетақысы:

жасына байланысты;

жеңiлдiкті шарттардағы,

еңбек сіңірген жылдары үшін,

мүгедектігі бойынша;

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша;

ішінара;

2) міндетті жинақтаушы зейнетақы:

аннуитет;

бағдарламалық төлем;

біржолғы төлем;

мұрагерге төленетін біржолғы төлем.

Бұл ретте Армения Республикасында міндетті жинақтаушы зейнетақы  Армения Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және төленеді.

2.2.  Беларусь Республикасында:

еңбек зейнетақысы:

жасына байланысты;

еңбек сіңірген жылдары үшін (әскери қызметшілердің, соларға теңестiрiлген адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және мемлекеттік қызметшілердің зейнетақысынан басқа);     

мүгедектігі бойынша;

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша.

2.3. Қазақстан Республикасында:

қалыптасқан зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдері:

зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;

егер мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленсе бірінші және екінші топ мүгедектігі белгіленгенде,;

мұрагерлерге біржолғы төлем.

2.4. Қырғыз Республикасында:

1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша зейнетақылар:
жасына байланысты;

мүгедектігі бойынша;

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша;

2) мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатынан зейнетақы жинақтау бөлігі;

3) мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатынан зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен төлемдер.

2.5. Ресей Федерациясында:

1) сақтандыру зейнетақысы:

қарттық бойынша;

мүгедектігі бойынша;

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша;

2) егер осы Келісімде өзгеше  көзделмесе, сақтандыру зейнетақысына бекітілген төлем, сақтандыру зейнетақысына бекітілген төлемді арттыру және (немесе) ұлғайту және сақтандыру зейнетақысына қосымша ақы;

3) жинақтаушы зейнетақы;

4) зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен төлемдер.

3. Зейнетақылардың (жәрдемақылардың) өзге де түрлері еңбекші (отбасы мүшесі) тұратын мемлекеттің заңнамасына сәйкес тағайындалады және төленеді.

4.  Осы  Келісім зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамамен реттелетін қатынастарға да қатысты қолданылады, ол осы баптың                    2-тармағында көрсетілген ережелерді өзгертеді және (немесе) толықтырады және осы Келісімнің нормаларына  қайшы келмейді.

 

3-бап

Еңбекшілердің тең құқықтары

1. Еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын шарттарда және сондай тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады.

2. Еңбекшілерге (отбасы мүшелеріне) зейнетақыны тағайындау және төлеу құқықтарын іске асыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарына арналған шарттарда жүзеге асырылады.

3. Еңбекшінің (отбасы мүшесінің) зейнетақыны тағайындау және төлеу үшін тұрып жатқан мемлекеттегі құзыретті органға және (немесе) жұмысқа орналастырушы мемлекеттегі құзыретті органға жүгінуге құқығы бар.

Зейнетақымен қамсыздандыру мақсатында бір мүше мемлекеттің құзыретті органына өтінішті және басқа құжаттарды беру күні оларды басқа мүше мемлекеттің құзыретті органына берген күн болып есептеледі.

Осы Келісімді іске асыру шеңберінде құжаттарды құзыретті органдардың арасында жіберудегі мерзім өтінішті қарау және зейнетақыны белгілеу туралы шешім қабылдау мерзіміне қосылмайды.

4. Еңбекшіге (отбасы мүшесіне), егер осы Келісімде өзгеше белгіленбесе, басқа мүше мемлекеттің аумағындағы тұрғылықты жерінің негізінде зейнетақыны тағайындаудан және төлеуден бас тартылмайды.

 

4-бап

Аумақтардың теңдігі және зейнетақыны экспорттау

1. Зейнетақыны құзыретті органдар төлейді, оның ішінде еңбекші (отбасы мүшесі) басқа мүше мемлекеттің аумағында тұрып жатқан жағдайда да төленеді.

Еңбекшінің (отбасы мүшесінің) тұрып жатқан мемлекеттің не зейнетақы (жинақтаушы зейнетақы) тағайындаған мүше мемлекеттің аумағында зейнетақы алуға құқығы бар.

2. Егер осы Келісімде өзгеше белгіленбесе, еңбекшінің (отбасы мүшесінің) басқа мүше мемлекеттің аумағындағы тұрғылықты жерінің негізінде зейнетақылардың мөлшері азайтылмайды, оларды төлеу тоқтатыла тұрмайды немесе тоқтатылмайды.

3. Осы баптың 1-тармағы бірінші абзацының және 2-тармағының ережелері мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбекшінің (отбасы мүшесінің) осы мүше мемлекеттің аумағындағы тұрғылықты жерін ескере отырып белгіленетін төлемдерге (қосымша ақыларға) қолданылмайды.

4. Төмендегі ақшалай төлемдер еңбекші тиісті мүше мемлекеттің аумағында тұрған жағдайда ғана жүргізіледі:

1)  Армения Республикасында –еңбек зейнетақысының бөлігі және  зейнетақыға үстемеақылар ретінде негізгі зейнетақы;

2) Беларусь Республикасында – өзге қызметтің заңнамаға сәйкес ескерілген кезеңдерін және (немесе)  зейнетақы жарналары төленбеген өзге де кезеңдерді негізге ала отырып есептелген зейнетақы бөлігі, сондай-ақ зейнетақыға белгіленетін үстемеақылар, төлемдер (қосымша ақылар) және арттырулар;

3) Қырғыз Республикасында – Қырғыз Республикасы бюджетінің қаражаты есебінен зейнетақының базалық бөлігі мен төлемдер;

4) Ресей Федерациясында – сақтандыру зейнетақысына бекітілген төлем, сақтандыру зейнетақысына бекітілген төлемді арттыру және (немесе) ұлғайту және сақтандыру зейнетақысына қосымша ақы, зейнетақы құқықықтарын ақшалай  мәнінде валоризациялау.

5. Мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген қосымша ақылар және өзге де төлемдерді белгілеу кезінде барлық мүше мемлекеттерде еңбекшіге (отбасы мүшесіне) тағайындалған зейнетақылар мен жинақтаушы зейнетақылар есепке алынады.

6. Еңбекші (отбасы мүшесі) бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына қоныс аударған жағдайда, егер еңбекшінің (отбасы мүшесінің) зейнетақыға құқығы қоныс аударғанға дейін іске асырылған болса, оны қайта қарау (қайта есептеу) осы Келісімнің 12-бабы қолданылып жүргізіледі.  Бұл ретте осы Келісім күшіне енгеннен кейін, жиналған еңбек өтілі үшін иемденген зейнетақы алу  құқығы  қайта қаралмайды.

 

5-бап

Отбасы мүшесінің зейнетақыға құқығы

1. Еңбекші қайтыс болған жағдайда отбасы мүшесінің мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес зейнетақыға құқығы бар.

2. Зейнетақыға құқықты айқындау кезінде зейнетақы мөлшерін тағайындайтын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес отбасы мүшелерінің санына байланысты, отбасының барлық мүшелері есепке алынады.

 

6-бап

Зейнетақы құқығын іске асыру

1. Бір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес зейнетақыны тағайындау және төлеу басқа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбекшінің (отбасы мүшесінің) бір мезгілде зейнетақының осы және (немесе) басқа түрін тағайындау және төлеу құқығына әсер етпейді.

2. Осы Келісімнің ережелерін ескере отырып зейнетақыны тағайындауды мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбекшінің (отбасы мүшесінің) зейнетақыға құқығы туындаған кезде басқа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы еңбекшінің (отбасы мүшесінің) зейнетақыға құқығы туындаған күніне қарамастан мүше осы мемлекеттің құзыретті органы жүргізеді.

 

7-бап

Зейнетақыға құқықты айқындау

1. Әрбір мүше мемлекет зейнетақыға құқықты осы Келісімнің ережелерін ескере отырып, оның аумағында жиналған жұмыс өтіліне байланысты өз заңнамасына сәйкес айқындайды.

2. Егер бір мүше мемлекеттің бір аумағында жиналған жұмыс өтілі зейнетақыға құқықтың туындауы үшін жеткіліксіз болса, уақыты бойынша тура келген жағдайларды қоспағанда, басқа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес басқа мүше мемлекет аумағында жиналған жұмыс өтілі ескеріледі.

3. Ресей Федерациясында зейнетақыға құқықты айқындау кезінде осы баптың 1-тармағына сәйкес Ресей Федерациясының аумағында, сондай-ақ бұрынғы Социалистік Кеңес Одағының аумағында жиналған өтіл кезеңі үшін жеке зейнетақы коэффициентінің шамамсы анықталады.

Егер осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес айқыналған жеке зейнетақы коэффициентінің шамасы зейнетақыға құқықтың туындауы үшін жеткіліксіз болса, онда мүше мемлекеттің аумағында жиналған 1 жыл жұмыс өтілі үшін 1-ге тең жеке зейнетақы коэффициентінің шамасы  ескеріледі. Бұл ретте бір ай жұмыс өтілі толық күнтізбелік жыл үшін коэффициенттің 1/360 бөлігін құрайды.

4. Бір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгілі бір мамандық бойынша, белгілі бір лауазымдағы жұмысқа немесе белгілі бір еңбек жағдайлары мен ұйымдардағы жұмыспен байланысты зейнетақыға құқықты айқындау кезінде басқа мүше мемлекеттің аумағында жиналған ұқсас жұмыс өтілі бірінші мүше мемлекет аумағында жиналған жұмыс өтілімен қосылмайды, бірақ жалпы негіздерде жұмыс өтілі ретінде ескеріледі.

5. Жинақтаушы зейнетақыны, сондай ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша еңбек (сақтандыру) зейнетақысын қоспағанда, зейнетақыға құқық мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындауға үміткер еңбекшінің (отбасы мүшесінің) сол аумақта жиналған жұмыс өтілі толық  толық 12 айдан кем  болмаса туындайды.

Жинақтаушы зейнетақыға, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша еңбек (сақтандыру) зейнетақысына құқық мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

 

8-бап

Зейнетақы мөлшерін есептеу

 Әрбір мүше мемлекет зейнетақының мөлшерін оның заңнамасына сәйкес жиналған зейнетақы құқықтарын негізге ала отырып және осы Келісімнің ережелерін ескере отырып, осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептейді.

 

9-бап

Медициналық куәландыру және мүгедектікті белгілеу

1. Еңбекшіге (отбасы мүшесіне) мүгедектік белгілеу мақсатында медициналық тексеру оның тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.

2. Мүгедектік тобы, мерзімі және себебі (еңбек қызметіне қабілетінің шектелу дәрежесі) туралы шешімдерді мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті зейнетақыны тағайындау және төлеуді жүргізетін сол мүше мемлекеттің медициналық-әлеуметтік сараптаманы (кешенді куәландыруды) жүзеге асыратын орган (мекеме) сырттай қабылдайды.

Бұл ретте, басқа мүше мемлекеттердің тисті мекемелері берген анықтамалар мен медициналық қорытындылар назарға алынады.

Аталған шешімдер өтеусіз негізде қабылданады.

 

10-бап

Мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы

1. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттерден осы Келісімді реттеу мәніне қатысты ақпаратты сұратуға, сондай-ақ осы Келісімді қолдану мәселелері бойынша ұсынымдар қабылдауға құқылы.

2. Уәкілетті органдар осы Келісімді қолдану саласына қатысты өздерінің заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы бір-бірін ақпараттандырады.

3. Уәкілетті органдар мен құзыретті органдар осы Келісімді іске асырумен байланысты мәселелер бойынша бір-бірімен  өтеусіз негізде (оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдаланумен) өзара әрекет етеді.

Құзыретті органдар сұрау салу немесе өзiнiң жеке бастамасы бойынша осы Келісімді қолдану үшін маңызы бар міндеттемелер туралы қажетті мәліметтерді бір-біріне ұсынады, сондай-ақ осы міндеттемелерді белгілеу үшін шаралар қабылдайды.

4. Құзыретті органдар зейнетақы мөлшерінің өзгеруіне немесе оны төлеуді тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлар туралы бір-бірін ақпараттандырады.

5.  Бір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген мүгедектікті белгілеуге, зейнетақыға құқықты айқындауға, зейнетақыны тағайындауға және төлеуге қажетті құжаттарды басқа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген осындай құжаттарды тану рәсімін өткізбестен басқа мүше мемлекет таниды.

Құзыретті органдар еңбекшіден (отбасы мүшесінен) құжаттардың зейнетақыны тағайындайтын (төлейтін) мүше мемлекеттің мемлекеттік тіліне нотариат куәландырған аудармасын сұратуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда құжаттарды верификациялау мақсатында тиісті сұрау салулар немесе ақпараттық деректер базасына жүгіну арқылы жіберуге және алынған мәліметтерді пайдалануға құқылы.

6. Еңбекші (отбасы мүшесі) бір мүше мемлекеттің құзыретті органы артық төлеген зейнетақы сомасын, зейнетақы төлемінің тоқтатылуымен байланысты өз бетімен ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда, басқа мүше мемлекеттің құзыретті органына төленетін және осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағында көзделген осы мүше мемлекеттің пайдасына зейнетақыдан ұстауы мүмкін. 

7.  Осы келісімді іске асыру Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі бекітетін осы Келісімнің нормаларын қолдану бойынша уәкілетті органдар құзыретті органдар мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимыл тәртібіне сәйкес  жүзеге асырылады.

 

11-бап

Дербес деректер

Дербес деректер осы Келісімді іске асыру мақсатында беріледі және таратылуы шектеулі (құпия)  мәліметтер болып табылады.

Уәкілетті органдар және құзыретті органдар дербес деректерді өңдеуді мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

 

12-бап

Өтпелі жағдайлар

Зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

осы Келісім күшіне енгеннен кейін жиналған жұмыс өтілі үшін зейнетақы аумағында тиісті жұмыс өтілі жиналған мүше мемлекет тағайындайды және төлейді;

осы Келісім күшіне енгенге дейін жиналған жұмыс өтілі үшін зейнетақы мүше мемлекеттердің заңнамасына және 1992 жылғы                        13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтары құқықтарының кепілдігі туралы келісімге, ал Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін 2006 жылғы                24 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес тағайындалады және төленеді.
 

13-бап

Уәкілетті органдар мен құзыретті органдар

Уәкілетті органдар мен құзыретті органдар туралы мәліметтерді мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссияға осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы хабарламаны жіберген кезде ұсынады.

Мүше мемлекеттер өздерінің уәкілетті органдарының немесе құзыретті органдарының өзгергені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны бір айлық мерзімде хабардар етеді.

 

14-бап

Қорытынды ережелер

1. Осы Келісімді түсiндiрумен және (немесе) қолданумен байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісіммен айқындалған тәртіппен шешіледi.

2. Осы Келісімге мүше мемлекеттердің өзара келісімі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

3. Осы Келісім Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіреді.

4. Осы Келісім Осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша депозитарий алған күннен бастап  күшіне енеді.

 

20__ жылғы ____ _____________ _____________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі болып табылып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

 

     Армения Республикасы

        үшін

   Беларусь  Республикасы

       үшін

 

 

  Қазақстан

Республикасы

        үшін

 

    Қырғыз Республикасы

        үшін

       Ресей

Федерациясы

        үшін

 

Бөлімдер:
30 сәуір, 2019 - 10:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші