check

You are here

Б.Сапарбаев Алматы облысындағы «әлеуметтік қалашықтың» жұмысымен танысты

жұмыс сапары

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қаскелең қаласындағы «Мұңайма» қайырымдылық қорының «әлеуметтік қалашығына» барды.

«Мұңайма» қоры 2007 жылы Алматы облысында жұмысын бастады. Қордың табысты жобаларының бірі «әлеуметтік қалашықтың» ашылуы болды, онда аз қамтылған азаматтар қоныстана алады, жаңа мамандықтарды оқып, өндірісте жұмыс істей алады және өз ісін ашуға көмек ала алады.

«Мұңайма» қорының үйлестірушісі Мерхан Әбілов міндетті шарт мамандық бойынша оқыту, кейін жұмысқа орналастыру болып табылады деп атап өтті. Жобаға қатысу бір жыл бойына жалғасады - алғашқы 6 айда оқыту және «әлеуметтік қалашықта» жұмыс жасайды, ал кейінгі кезеңде бизнесті бастау үшін бизнес-жоспар әзірлеуде көмек көрсетіледі. Бизнес-идеяны іске асыру үшін Қор алғашқы жарты жыл ішінде қатысушы тапқан капиталды екі есе көбейтеді.

Б. Сапарбаев жобаға қатысушылар жұмыс істейтін өндіріспен, олардың өмір сүру жағдайымен танысты және қалашық аумағында орналасқан балабақшаға барды.

Министр қордың жұмысына оң баға берді. Жеке бизнестің осындай әлеуметтік жобаларын бүкіл Қазақстан бойынша тарату қажет екенін атап өтті.

2016 жылдан бастап 500-ге жуық отбасы жобаға қатысты. Қазіргі уақытта «әлеуметтік қалашықта» 120 адам тұрады. Қалашықтың 350 адамға дейін орналастыру мүмкіндігі бар. Осындай жобаны Елорда әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асыру жоспарлануда.

27 сәуір, 2019 - 11:25 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші