check

You are here

2018 жылы еңбек жағдайдалары зиянды жұмыс үшін қазақстандықтарға 116 млрд. теңгеден астам қаржы төленді

еңбекті қорғау

28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Ол жыл сайын қызметкерлердің құқықтары мәселелеріне назар аудару, оларды әлеуметтік қорғау және еңбек қауіпсіздігін арттыру мақсатында өткізіледі. 2019 жылғы тақырып: «Еңбекті қорғау және еңбек саласының болашағы».

Халықаралық еңбек ұйымының деректері еңбекті қорғау саласында ауқымды проблемалардың сақталғанын растайды - әлемде жыл сайын 270 миллионға жуық жазатайым оқиға мен 160 миллионға жуық кәсіби ауру тіркеледі, олардың салдарынан екі миллионнан астам адамның өмірі қиылады.

Қазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 1500-дан астам жазатайым оқиға орын алады, оның 200-ден астамы өліммен аяқталады. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында 2018 жылы 373 мыңнан астам қызметкер жұмыс істеді: шу мен дірілдің жоғары деңгейі жағдайында әрбір екінші (45,4%), жоғары газданған және шаңданған жұмыс аймағында әрбір үшінші қызметкер (34,4%) жұмыс істеді. Ауыр дене еңбегімен 85,2 мың адам немесе тексерілген кәсіпорындар қызметкерлерінің санынан 5,1%-ы жұмыспен қамтылды. Қызметкерлердің қолайсыз еңбек жағдайлары салдарынан елеулі экономикалық шығындар туындайды.

Өткен жылы аттестаттаудың нәтижелері негізінде 676 мың қызметкер зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін әртүрлі өтемақы алды. Бұл мақсатқа жұмыс берушілер 116,3 млрд.теңге бөлді, бұл 2017 жылға қарағанда 8% - ға артық.

Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралар қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді.

2018 жылы өндірісте зардап шеккендер саны 2017 жылмен салыстырғанда 6,6%-ға төмендеді. Өндірісте қаза болғандардың саны 9,8%-ға төмендеді. Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 19,1% және құрылыс саласында – 11,7%.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бар  тәуекелдерді ескере отырып, Министрлік Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын төмендету жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған жол картасын әзірледі.

Әлеуметтік серіктестермен бірге 2019 жылы «Қауіпсіз еңбек» ұранымен ақпараттық науқан өткізілуде.

Халықаралық «Еңбекті қорғау» күніне арналған дәстүрлі Конференция және ағымдағы жылдың 22-24 мамырына Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша көрме ұйымдастыру жоспарланған.

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдарын «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқаны аясында өткізілетін іс-шараларға қосылуға шақырады.

29 сәуір, 2019 - 08:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші