You are here

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11507 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу қағидаларында:

5-тармақтың 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

 «2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар көп балалы отбасы статусы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-2 нысанда әрекетке қабілетті отбасы мүшесінің өтініші бойынша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес  2-1 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы беретін  куәлікпен  расталады.  

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жәрдемақыларды алушылардың және асырауындағылардың, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы»;

8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

 «8) жәрдемақы алушылардың және асырауындағылардың қайтыс болу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;

мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

«34-1. Жәрдемақыны алушының электрондық ісі,  Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне шыққан жәрдемақы алушылардың электрондық ісі Мемлекеттік корпорацияның басқа бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген (№ 11110 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген) 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі.

«34-1. Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне шыққан жәрдемақы алушылардың электрондық ісі Мемлекеттік корпорацияның басқа бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген (№ 11110 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген) 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі»;

мынадай мазмұндағы 39-1 и 39-2-тармақтармен толықтырылсын:

 «39-1. Жәрдемақыларды төлеу Мемлекеттік корпорация арқылы:

жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына есептеу;

«Қазпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушыларға үйлеріне жеткізіп беру жолымен жүргізеді.

  Алушының банк шотының нөмірі, төлеу тәсілі, алушының (қамқоршының, қорғаншының) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда алушылар (қамқоршылар, қорғаншылар) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы өзгерістер туралы, тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен қоса өтініш береді.

39-2.Жәрдемақыларды үйге жеткізіп беру мынадай санаттағы адамдарға:

бiрiншi топтағы мүгедектерге;

бөгде адамның күтiмiне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға;

почта байланысының автоматтандырылған бөлімшелері (пункттері) болмаған жағдайда ауылдық жерде тұратын адамдарға жүргізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 43-тармағымен толықтырылсын:

 «43. Жәрдемақы тағайындалған құжаттардың электронды макеті электронды архивте үнемі сақталады.

осы бұйрыққа 1-2 қосымшаға сәйкес 2-1 және 2-2 қосымшалармен толықтырылсын.

осы бұйрыққа 3-4 қосымшаға сәйкес 21 және 22 қосымшалары

2-1 және 2-2 қосымшалармен толықтырылсын.

21 және 22-қосымша осы бұйрыққа 3-4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Қазақстан Республикасы  құқықтық ақпарат және заңнама институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                  Б. Сапарбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, қорғаныс және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

4 тамыз, 2019 - 15:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші