check

You are here

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

Парыз 2019

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы 2019 жылы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты  ұйымдастыру басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.

Конкурстың лауреаты атағына үміткерлер материалдарды ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.

«Парыз» конкурсы туралы толық ақпарат алу үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына  немесе Еңбек инспекциясы басқармасына және 8 (7172) 74-35-11 телефоны арқылы ҚР Еңбекминінің Әлеуметтік әріптестік басқармасына хабарласуыңызға болады.

26 сәуір, 2019 - 15:03 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші