check

You are here

Б. Сапарбаев Ақтөбедегі мүгедек әйелдің мәселесін бақылауға алды

Республикалық протездік-ортопедиялық орталығы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Алматыға жұмыс сапары барысында «Республикалық протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ жұмысымен танысты.

Орталықта Министр Ақтөбе қаласының тұрғыны Қарлығаш Айжекуновамен әңгімелесті. 2017 жылы қызметтік іссапарда болған әйел жол-көлік оқиғасына түсіп, нәтижесінде екі аяғынан да айырылып қалған. Бірінші топтағы мүгедектің өзі протездеуді өз қаражаты есебінен жасауға мәжбүр болғанын айтты, себебі жұмыс беруші оны әлі төлемеген.

Б. Сапарбаев Ақтөбелікті мұқият тыңдап, мәселені шешуге, оған заңнама аясында барлық қажетті көмек көрсетуге уәде берді.

Сол жерде еңбек министрлігінің басшысын "Аяла"қайырымдылық қорының жобаларымен таныстырды.

"Республикалық протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ Республика мүгедектерін жоғары және төменгі аяқ-қол, кеуде бездерінің протездерін, оларға арналған құралдарды, аппараттарды, ортопедиялық аяқ-киімді, бандаждарды, корсеттерді, таяқтарды, сүйектерді, жүргіштерді әзірлейді және қамтамасыз етеді, сондай-ақ шина-былғары протездерін де, жаңа технологиялар бойынша да жөндеуді жүргізеді. Орталық Петропавл және Семей қалаларында медициналық ауруханалары бар филиалдары бар. Орталық республиканың протездік-ортопедиялық саласында жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар инженерлердің, дәрігерлердің, жұмыскерлер мен мамандардың білікті ұжымы бар мамандандырылған көпсалалы кәсіпорын болып табылады.

Өткен жылы орталық 15 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіп, 29 мыңнан астам өнім бірлігін шығарды.

25 сәуір, 2019 - 16:33 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші