check

You are here

БЖТ-ны SMS арқылы төлеуге болатын болды

БЖТ

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қолжетімді және оңай болды. KCell мен Beeline ұялы операторларының пайдаланушылары БЖТ-ны SMS арқылы төлей алады.

Төлем жасау үшін 5505 нөміріне «gorodesp ЖСН» (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін) және «seloesp ЖСН» (басқа елді мекендердің тұрғындары үшін) мәтіні бар SMS жолдау қажет. Мысалы: gorodesp 1234567890

Төлем кезеңі ағымдағы ай болады. Комиссия 100 теңгені құрайды. Астана, Алматы, Шымкент, сондай-ақ облыс орталықтары үшін төлем мөлшері 1 АЕК құрайды, 2019 жылы ол 2 525 теңге. Барлық басқа елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ мөлшері 0,5 АЕК немесе 1 262,5 теңгені құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлем табыс алу мақсатында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған. Олар мынадай шарттарды сақтауға тиіс:

1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбау;

2) жеке тұлғалар үшін қызмет көрсету.

 

Бұл ретте күнтізбелік жылдағы шекті табыс жылына 1 175 АЕК (2019 жылы - 2 миллион 966 мың 875 теңге) аспауы тиіс.

БЖТ мынадай  азаматтарға қолданылмайды:

1) сауда-ойын-сауық орталықтарының аумағында қызметтер көрсететін;

2) жеке практикамен айналысатын;

3) тұрғын үйді қоспағанда, үй-жайларды жалға беретін;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын;

5) жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелген.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аударуға болады.

25 сәуір, 2019 - 17:39 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші