check

You are here

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

Б. Сапарбаев Мемлекет басшысына елімізде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан көмектер бойынша және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздықпен күрес туралы баяндады.

Мәселен, 2019 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен шамамен 620 мың адам қамтылатын болады. Кәсіпорындар ашуға гранттар беру, шағын кредит беру, мамандығы жоқ адамдарды қайта оқыту және оқыту, жастар тәжірибесі мен қоғамдық жұмыстар жұмыспен қамту деңгейін арттырудың негізгі көздері болады. Кәсіптік оқытумен 99,2 мың адам қамтылатын болады. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 14 мың шағын несие және 13,6 мың грант беру жоспарлануда. Субсидияланатын жұмыс орындарына 105 мың адам жұмысқа орналасады. Еңбек тапшы өңірлерге 6 мың адам қоныс аударатын болады.

Жалпы 2021 жылға қарай 1,1 млн.-нан астам жұмыс орны құрылады, оның 633 мыңы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, 495 мыңы жеке бастамалар шеңберінде құрылады.

Б. Сапарбаев Мемлекет басшысына Елбасының «Әлеуметтiк қамқорлық» әлеуметтік шараларының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Министрдің айтуынша, 2019 жылдың бірінші тоқсанында әлеуметтік қолдау шаралары 9,3 млрд. теңге мөлшерінде 282 мың адамға көрсетілді. 31,9 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 9,5 мың аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін.

Сондай-ақ, Министрлік әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі. Әлеуметтік пакет жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен көрсетілетін әлеуметтік қолдау мен әлеуметтік қызметтер бойынша 11 шараны қамтиды.

Әкімдіктердің мәліметінше, 2019 жылы 287 мың бала мектепте тегін тамақтанумен, 553 мың адам тегін жол жүрумен, 219 мың бала мектеп формасымен және оқу керек-жарақтарымен, 30 мыңға жуық бала – балабақшаларда орындармен қамтамасыз етіледі, 186 мың бала лагерьлерге жолдама алады. 460 мыңнан астам адам бір реттік көмек алады, 5 мыңға жуық АӘК алушылар жұмысқа орналастырылады, 5 мың адам тұрғын үй  құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсартады. Жалпы, әлеуметтік көмек түрлерімен 821 мың адамды 83,1 млрд. теңгеге қамту жоспарлануда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуді жақсартуға, оларды алу мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін және алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, өз бетінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметтер порталын енгізу жөніндегі жұмыстар туралы хабардар етілді.

Министр Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейін ұлттық жоспар шеңберінде қабылданатын жүйелі шаралар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның сапалы жүзеге асырылуы маңызды екеніне тоқталып, әсіресе аз қамтылған көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жұмыссыздық деңгейін 4,5%-тен асырмау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдаудың маңыздылығын айтты.

Мемлекет басшысы әлеуметтік бағдарламалардың уақытылы және сапалы атқарылуына байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

25 сәуір, 2019 - 13:04 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші