You are here

Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын паспорттау (түгендеу) және бейімдеу бойынша жергілікті атқарушы органның ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі туралы ереженің 16-тармағының 3) тармақшасына, сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын паспорттау (түгендеу) және бейімдеу бойынша жергілікті атқарушы органның ұсынған  әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықтың ресми жариялымынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                                                     Б. Сапарбаев

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитеті

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prikaz.doc28 KB
Microsoft Office document icon prilozhenie_1.doc24 KB
Microsoft Office document icon prilozhenie_2.doc53.5 KB
Microsoft Office document icon prilozhenie_3.doc39.5 KB
Бөлімдер:
23 сәуір, 2019 - 17:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші