You are here

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне қандай қызметтер кіреді?

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі:

         1)   тұрмыстағы қызмет алушылардың тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді;

         2)   қызмет алушылардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді;

         3)   қызмет алушыларды қоршаған ортаға әлеуметтік бейімдеуге, әлеуметтендіру мен кіріктіруге бағытталған олардың психологиялық жағдайын түзетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді;

         4)   балалардың, ТҚА бұзылған балалардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, оларды педагогикалық түзетуге және оқытуға, сондай-ақ балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, 18 жастан асқан адамдарға тұрмыстық дағдыларды үйретуге бағытталатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді;

         5)   қызмет алушылардың бойында еңбек дағдыларын қалыптастыруға, 18 жастан асқан адамдардың, мүгедектердің, қарттардың және үйсіз адамдардың бойында қалған еңбек дағдыларын сақтау мен дамытуға және еңбек қызметiн ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтiк-еңбек қызметтердi;

         6)   бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға қызмет алушыларды тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтерді;

         7)   қызмет алушылардың өмір сүру деңгейін қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтерді;

         8)   қызмет алушылардың құқықтық мәртебесін қолдауға немесе өзгертуге, заңды көмек көрсетуге, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.

23 сәуір, 2019 - 16:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші