You are here

Жасыл экономика үшін кадрлар даярлау

Бүгінгі таңда республика бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017−2021 жылдарға арналған бағдарламасы «Еңбек» (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда.

Бағдарламаның мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Сонымен бірге, Бағдарлама шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер (мамандықтар), оның ішінде «жасыл экономика үшін» мамандарды жаппай оқыту көзделген.

Бірінші бағыт бойынша оқыту шаралары шеңберінде екі тетік қолданылады:

Бірінші тетік –2,5 жылға дейін колледждер базасында тегін кәсіптік-техникалық оқыту.

Екінші тетік − 1 айдан 6 айға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді курстары.

2017-2018 оқу жылдары 317 колледждерде мынадай кәсіптер бойынша оқу басталды:

Ауыл шаруашылығы - 2 850 адам;

Көлік - 4 078 адам;

Құрылыс – 2 725 адам;

Қысқа мерзімді курстар

1) дуальды оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында;

2) «Атамекен» ҰКП тізіліміне енген жұмыс берушілердің оқу орталықтары арқылы;

3) мобильді оқу орталықтары арқылы.

Оқу еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша (ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, туризм және қызмет, тамақтандыру саласында) жүргізіледі.

2018 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға
41,7 мың адам, оның ішінде техникалық кәсіптер бойынша 12 мың адам немесе 30% жолданды (сырлаушы, сылақшы, бетоншы, электр, жонғыш, пісіруші және т.б.).

Жалпы, 2022 жылға дейін жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан «жасыл экономика» үшін қысқа мерзімді оқумен 258 мың адамды қамту жоспарлануда.

19 сәуір, 2019 - 17:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші