check

You are here

Еңбек министрлігінің қызметкерлері өңірлерде АӘК-тің тағайындалуын бақылайды

Еңбек министрлігінің қызметкерлері өңірлерде АӘК-тің тағайындалуын бақылайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау және төлеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және консультациялар беру үшін өңірлерге барады.

2019 жылғы 17-20 сәуір кезеңінде олар АӘК мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға консультация беретін республикалық маңызы бар қалаларға, облыс орталықтарында, аудандар мен ауылдық елді мекендерде болады.

Өңірлерге шыққан Еңбек министрлігінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен деректер базасын жедел өзектендіру үшін азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің (АХАТ), ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің, сәулет және қала құрылысы басқармасының және қажет болған жағдайда басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс орындарын қамтамасыз етуді бақылайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова нұсқау бере отырып, ведомство қызметкерлері алшақ орналасқан аудандарға барып, әкімдіктер деңгейінде АӘК өтініш берушілердің деректерін жинау және өңдеу бойынша жұмысты реттеу қажеттігін ерекше атап өтті.

Бұдан басқа, АӘК-тің критерийлеріне сәйкес келмейтін азаматтарға ерекше назар аудару керек. Оларды жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдаудың қосымша шаралары түсіндірілуге ​​тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, атаулы әлеуметтік көмек – аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштер 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қабылданады. Жәрдемақыны алу үшін тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Егер отбасы ауылдық жерде тұратын болса-кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет. АӘК  өтініш берген күнге қарамастан өтініш берілген айдан бастап тағайындалады. АӘК тағайындау үшін тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркеуі болуы тиіс. Отбасы құрамында тек жақын туыстары есепке алынады. Отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс да есепке алынады. Бұл ретте, әкімдіктер өз қалауы бойынша ЖҚШ-дан түсетін табысты ескермеуге құқылы.

18 сәуір, 2019 - 16:54 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші