check

You are here

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері Жезқазған қаласында өткен кеңесте талқыланды

жұмыс тобы

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік жұмыс тобы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, ірі кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың, өңірдің кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты.

Кездесуде сөз сөйлеген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ірі кәсіпорындарды мемлекеттің әлеуметтік саясатына қосылуға шақырды.

"Біз елдегі 1000-нан астам ірі кәсіпорындарға талдау жасадық. Онда неше көпбалалы қызметкерлердің жұмыс істейтіні және олардың қаншасының тұрғын үйі жоқ екені анықталды. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралды. Біз кәсіпорындарды бірінші кезекте бұл қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыста жүрген көпбалалы әйелдерді және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдауды сұраймыз", - деді Еңбек министрі.

Бұл ретте, ол ірі кәсіпорындар өздерінің мұқтаж қызметкерлеріне әрдайым көмектескенін атап өтті.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өз кезегінде өңірлердің әлеуметтік дамуына кәсіпкерлердің инвестициялары айтарлықтай ықпал ете бастағанын айтты.

«Осы жерде, Жезқазғанда шамамен 10 жыл бұрын біздің Тұңғыш Президент алғашқы рет бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесін көтерген болатын. Бердібек Сапарбаев сол кезде осы форумның бастамашысы болып, бірінші меморандумдардың міндеттері мен шарттарының орындалуын үйлестірген және бақылаған, алғашқы ұжымдық шарттардың жасалуына ықпалын тигізген болатын. Бүгінде біз осы жұмыстың нәтижелерін көріп отырмыз - бизнес мемлекеттің қатысуынсыз өзінің әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда", - деді ол.

Вице-Премьер Г. Әбдіқалықова мемлекет әлеуметтік мәселелерге, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ол бизнесті осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.

Үкімет тобының жұмыс сапары бейсенбі, 18 сәуір күні Қарағанды облысында жалғасады.

18 сәуір, 2019 - 10:16 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші