check

You are here

Еңбек министрлігі: депутат Мамраевтың мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейді

Еңбек министрлігі: депутат Мамраевтың мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Е-Халық» жүйесінің жұмысындағы іркілістерге қатысты депутаттық сауалға түсініктеме берді.

«Е-халық» жүйесі басқа мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграцияланбағаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Мекенжайлар, үйлер мен пәтерлердің нөмірі бойынша мәліметтердің болмау себебі интеграцияның болмауында емес, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар (сәулет және қала құрылысы басқармалары) құратын және өзектендіретін мекенжайлар тіркелімінде мәліметтердің болмауында.

Отбасы құрамы туралы мәліметтер жергілікті атқарушы органдар (азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері) құратын және өзектендіретін «Азаматтық хал актілерін тіркеу» АЖ-нің автоматты режимінде ұсынылады. Мысалы, 2007 жылдың 13 тамызына дейін туылған балалар туралы мәлімет жоғарыда көрсетілген жүйеде жоқ.

Мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелері толық ақпаратты қамтымайтынын назарға ала отырып, Министрлік АӘК көрсету қағидаларында жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің тиісті мемлекеттік органға жазбаша сұрау салуды ресімдеу, сондай-ақ өтініш берушінің құжаттарды өз бетінше ұсыну құқығы көзделген.

Бүгінгі күні «Е-Халық» АЖ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған:

  1. «Мекен-жай тіркелімі» АЖ
  2. «Азаматтық хал актілерін тіркеу» АЖ;
  3. «Жеке тұлғалар» МДҚ;
  4. «ОААЖ» АІЖ (алименттер);
  5. «Бірыңғай деректер қоймасы» АЖ (кәсіпкерлік қызмет туралы мәліметтер);
  6. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ;
  7. Еңбекмині АЖ (әлеуметтік жәрдемақылар түріндегі кірістер, еңбекақы төлемдері).

Ақпараттық ресурстармен интеграциялау оффлайн режимінде іске асырылады:

  1. Мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасы, жер учаскелері бойынша АШМ АЖ;
  2. Білім алушылар бойынша ҚР БҒМ АЖ;
  3. Әлеуметтік маңызы бар аурулар, жүкті әйелдер және емханаға бекіту бойынша ҚР ДСМ АЖ.

 

Осылайша, депутаттық сауалда "Е-халық" АЖ жұмысында интеграциялаудың және іркілістің болмауына қатысты айтылған мысалдар мен дәлелдер дұрыс емес және дәрменсіз болып табылады.

Бүгінгі күні жүйе толығымен жұмыс істейді, ол арқылы жұмыс тәртібінде өтініштерді қабылдау жүзеге асырылуда.

Сонымен бірге Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында да, басқармалар мен жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері арасында қажетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.  "111" тәулік бойы call-орталығы жұмыс істейді, ол бойынша АӘК тағайындау мәселелері бойынша консультациялар алуға болады, АӘК есептеудің онлайн-калькуляторы, әдістемелік құралдар әзірленді және таратылды, бірқатар баспасөз конференциялары мен сұхбаттары өткізілді. Барлық қажетті ақпарат халыққа БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жеткізіледі.

17 сәуір, 2019 - 19:29 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші