check

You are here

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары туралы

Жаңартылған АӘК қазіргі жағдайы туралы

Дүйсенбі, 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ведомство басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Кездесуге Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Актаева, Білім және ғылым вице-министрі Е.Сухамбердиева, ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы М.Жайымбетов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары С. Нұрғожина, сондай-ақ бейінді ҮЕҰ, сарапшылар мен жұртшылық қатарынан құрылған бастамашыл топтарының өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар тұрғын үйге, білім беруге, денсаулық сақтауға қол жетімділікті қамтамасыз ету, азаматтардың аз қамтылған санаттары үшін АӘК алу бойынша іске асырылып жатқан шараларды талқылады.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Еңбек министрі мемлекеттік органдар өкілдеріне аз қамтылған халықпен жеке-жеке жұмыс жүргізілуі керек екендігін атап өтті.

"Біз аса мұқтаж отбасыларды анықтап, бірінші кезекте оларға көмек көрсетуге тиіспіз. Жергілікті атқарушы органдар өз базаларын өзектендіріп, кім және қайда тұратынын білу үшін үйлерді аралап шығу керек", - деді Б. Сапарбаев.

Ол бастамашыл топ айтқан барлық ұсыныстарды мемлекеттік органдар заңда белгіленген тәртіппен қарайтынын атап өтті.

9 сәуір, 2019 - 14:44 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші