You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.М. Сапарбаевтың 09.04.2019 ж. Үкімет отырысында сөйлеген сөзінің тезистері

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шаралары белсенді  іске асырылып жатқаны өздеріңізге белгілі. 

Заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді.

1 сәуірден бастап барлық жерлерде арнаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін  құжаттар қабылдануда. 42 мыңнан астам өтініш қабылданды (шамамен147 мың адам).

Елбасының әлеуметтік бастамалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында  
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Г.Н. Әбдіқалықованың жетекшілігімен елдің  7 өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласының аудандарына сапарлар іске асырылды. Бұл  халыққа министрлік пен ведомстволардың басшыларынан барлық жаңашылдықтар туралы білуге мүмкіндік берді.

Сапарлар барысында халықпен кездесулер өткізілді, азаматтарды қабылдау жүргізілді, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, Жұмыспен қамту орталықтарына, көп балалы отбасыларға бардық. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек туралы анықтамалық ақпарат алу бойынша «111» Call -орталығының базасында тікелей желі іске қосылды.

Халықпен кездесу кезінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, жеке іс ашуға жәрдемдесу, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды техникалық құралдармен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер жиі көтерілді.

Әкімдіктердің деректері бойынша елде көп балалы отбасылардың саны 340,4 мыңды құрайды.

 Бюджетте жалға алынатын тұрғын үй құрылысы мен жеңілдікті қарыз беру үшін, сондай-ақ азаматтардың осал топтағы санатына әртүрлі көмек көрсету үшін қажет қаражат көзделген.

Бюджет есебінен салынып жатқан тұрғын үйлер аз қамтылған және көп балалы отбасылардың кезегін қысқартуға оң әсерін тигізеді деп есептеймін.

2019 жылы 821  мың адамға әлеуметтік көмек көрсетуге мемлекеттік бюджет есебінен 83 млрд. теңге  бөлінеді. Ағымдағы жылғы 1-тоқсанда 9,3 млрд.теңге төленіп, 282 мың адамға көмек көрсетілді.

Бұған қоса, 2019 жылы 373 мың жаңа жұмыс орны құрылады, 2019 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша 31,9 мың жұмыс орны құрылған.

Алайда, мемлекетке ғана үміт арту қажет емес. Жаңа тәсілдер мен  тәжірибеде тексерілген тиімді жолдарды іздестіру қажет.

Өңір әкімдері, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік жай ғана тренд емес, еліміздің орнықты дамуының негізгі шарты деп есептейтін мен кәсіпорынның бірінші басшылары мен жекелеген азаматтар өздерінің нақты пікірлерін айтуға тиіс.

Біз бизнес қауымдастықты экономикада ғана емес, әлеуметтік саладағы әріптесіміз деп есептеуіміз қажет.

Жаңа негізде  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша  Тұңғыш Президент – Елбасы «Парыз» конкурсы бойынша Жарлығында, бірнеше жыл бұрын Жезқазған мен Рудный форумдарында нақты белгілеген жұмысты дамыту маңызды.

Біздің міндетіміз – еліміздің кәсіпкерлеріне  корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік іскерлік бедел мен компанияны капиталдандыруды арттыратын тиімді қызмет ретінде  қабылданатынын жеткізу. Ол тиісінше, бизнестің өз елінің дамуына, әлеуметтік және экологиялық салаға қосатын ерікті үлесі.

Мейірімділік, жанашырлық және патриотизм сияқты маңызды адами қасиеттер негізінде жатқан әлеуметтік жауапкершілік және қайырымдылық үлгілері бізде аз емес.  Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саласындағы жобаларға қаражат бөлетін ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар, бизнесмендер мен жеке тұлғалар аз емес және олар халықтың әлеуметтік осал топтарына нақты қолдау көрсетуде.

«Туған жерге тағзым», «Бақытты бала», «Анаға тағзым», «Ауыл – ел бесігі» сияқты акциялар, «Асар» халықтық құрылыс әдісі арқылы мамандар мен аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй салу іске асырылады.

Бүгін елдің барлық кәсіпкерлік қауымдастықтарын осы адамдарға мейірім мен жанашырлық танытуға шақырамын, және өз мүмкіндіктеріңізге қарай оларды сенімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұраймын. Жеке жетістіктер көбінесе қоршаған адамдардың әл-ауқатына байланысты екенін түсіну қажет.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ, 58 000 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге 2025 жылға дейін республикалық бюджеттен 500 млрд. теңге бөлінетіні Сізге мәлім, ол тұрғын үйді жалға беру және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеңілдетілген қарыздарын беру арқылы жүзеге асырылады.

Халыққа әлеуметтік көмек көрсетуде бірқатар өңірлерде бизнес пен жеке адамдардың жақсы әлеуметтік бастамалары іске асырылып жатыр.

2019 жылғы 1-тоқсанда меценаттардың, демеушілер мен жеке адамдардың қаражаты есебінен аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 3 млрд. теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, 5 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың ішінен 1,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, 268 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Кәсіпкерлер аз қамтылған және көп балалы адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған бизнес-жобаларды ілгерілетуге белсенді қатысуда.

Маңғыстау облысында «Үш күн ішінде бизнес ашу» әлеуметтік жобасы іске асырылуда, жоба үйде шағын өндіріс ашуға бағытталған. Қазіргі уақытта жоба шеңберінде Жаңаөзен қаласында 70 отбасына шағын бизнес ашуына қолдау көрсетіліп, 140-тан астам адам жұмыспен қамтылды.  Жылдың соңына дейін шамамен бес мың адамды немесе 2 мың көпбалалы және аз қамтылған отбасын қамту жоспарланып отыр.

Ақтөбе облысында «Кәсіпкер ана» жобасы бойынша  гранттар беру арқылы көп балалы аналарды демеушілер қаражаты есебінен бизнес негіздеріне, бизнес жоспарларды әзірлеуге оқытуда.
2019 жылғы 1-тоқсанда өздерінің бизнес-жобаларын іске асыру үшін 25 әйелге оқыту, бизнес-жоспарлар жасау, гранттар беру сияқты көмек көрсетілді.  

Шымкент қаласында «MEYIRIM» электрондық порталы іске қосылған, ол аз қамтылған адамдарға электрондық портал арқылы әлеуметтік көмек ұйымдастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта базада 500 отбасы тіркелген, оның 147-сі көпбалалы отбасылар. 2019 жылғы 1-тоқсанда аталған Жоба шеңберінде көп балалы отбасы үшін бір үй беріліп, 173 отбасына 12 млн. теңге сомада ақшалай көмек көрсетілді.

Жекелеген кәсіпкерлер аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелерді алды.

 Қостанай облысында «Жас-Қанат-2006» ЖШС басшысы көп балалы отбасылар үшін жыл сайын жұмыс орындарын ашуға дайын екенін білдірді.

Осыған байланысты, құрметті Асқар Ұзақбайұлы, жоғарыда көрсетілген жобаларды басқа өңірлерде де енгізуге болады деп санаймын.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешуде өңірлерде жақсы тәжірибелер бар.

Мысалы, Қызылорда облысында «Баламекен» әлеуметтік жобасы іске асырылып жатыр, ол «Болат Өтемұратов» Қоры есебінен жеке үйлер салуға бағытталған. 2019 жылы 100 пәтер салынады. Оның ішінде ағымдағы жылғы 1-тоқсанда 11 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы мақсаттарға 450 млн. теңге бөлу көзделіп отыр.

Қарағанды облысында «Демеушілер қаражаты есебінен тұрғын үй салу» жобасы аясында 70 жеке үй салынады,
2019 жылғы 1-тоқсанда салынған үйлердің 10-ы берілді. 

Павлодар облысы жақсы үлгі көрсетуде. Осы жылы облыстағы кәсіпорындардың тұрғын үйі жоқ барлық көп балалы жұмыскерлері компания есебінен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ демеушілер, меценаттар есебінен 77 отбасы жеке тұрғын үйдің иесі болады.

Маңғыстау облысында «Өзенмұнайгаз» АҚ компаниясы   аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 500 пәтер сатып алуды жоспарлауда.

Ақтөбе облысында «Демеушілер қаражаты есебінен тұрғын үй салу» жобасы шеңберінде 2021 жылдың соңына дейін 330 жеке үй салынады, оның ішінде 2019 жылы 110 үй салынады. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 19 пәтер берілді.

Бұл ретте облыста «Қолғанат Ақтөбе» ҚҚ арқылы бастапқы жарнаның 10%-ын қаржыландыру жолымен демеушілердің тұрғын үймен қамтамасыз ету механизмі енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 200-ге жуық аз қамтылған және көп балалы отбасылар, оның ішінде 50 отбасы жылдың соңына дейін тұрғын үй алады. Бұдан басқа әкімдік 2 мың адамға жалпы сомасы 2 млрд.теңгені құрайтын тұрғын үй сертификаттарын береді.

Жалпы алғанда, 2019-2021 жылдар аралығында меценаттар, демеушілер және жеке инвесторлар есебінен 1 772 отбасы, оның ішінде 2019 жылы 750 отбасы қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты, құрметті Асқар Ұзақбайұлы, өңірлердің әкімдері осы тәжірибені өздерінде де  енгізе алады деп санаймын.

1 178 ірі және орта кәсіпорындарда көп балалы ата-аналар қатарынан 23,3 мың адам жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Оның ішінде 15 мыңға жуығының жеке тұрғын үйі жоқ.

Бұл проблема мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың бірлескен күшімен шешілуге тиіс деп есептеймін.

Осыған байланысты, құрметті Асқар Ұзақбайұлы, Сізден Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингіне өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, бизнес-құрылымдармен келесі мәселелерді пысықтауды тапсыруды сұраймын:

- олардың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» және тағы басқа бағдарламалары бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы өз қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаның
10 пайызынан кем емес мөлшерде субсидиялауы (кәсіпорындардың тізімі бізде бар);

- меншікке не кейіннен сатып алу құқығымен өтеусіз пайдалануға тұрғын үй сатып алу;

- ЖАО берген жер учаскелерінде жеке тұрғын үй салуға, жарамсыз тұрғын үйге жөндеу жүргізуге не басқа тұрғын үй ұсынуға жәрдем көрсету;

- жеке бизнес ашуда көмек көрсету.

Сонымен қатар, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында Еңбек министрлігіне, мүдделі мемлекеттік органдарға, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ағымдағы жылғы сәуір айының соңына дейін Сіздің қатысуыңызбен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде республикалық кеңес өткізуді ұсынамын.

Қолдауыңызды сұраймын.

Назарларыңызға рақмет.

9 сәуір, 2019 - 11:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші