check

You are here

Мугалимдер облыс орталыгына жанартылган багдарламаны менгеру ушин окуга жиберилсе оган акша толенеме

Кайырлы кеш! Мен бир ауданынын ауылында мугалим болып кызмет аткарамын. Облыс орталыгына жанартылган багдарламаны менгеру ушин окуга жиберидим. Оку 3 апталык  Аудандык билим болими осы ис сапарга байланысты ис сапар шыгындары толенбейди деди. Осы дурыспа?

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 1-бабына сәйкес іссапар – бұл жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.
Кодекстің 127-бабына сәйкес іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:
1) іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.
Жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
Осыған орай, Сіздің сұрағыңыз ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актісімен реттеледі.
Сонымен бірге, сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін білім және ғылым саласында уәкілетті орган - ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 359824
19 сәуір, 2019 - 16:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші