You are here

Қ.Тоқаев жаңартылған АӘК туралы Заңға қол қойды

Қ.Тоқаев жаңартылған АӘК туралы Заңға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылғын азаматтар мен көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау тетіктерін жетілдіруді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және жылжыту, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды akorda.kz .

Заң Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында әзірленді.  2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50% - нан 70% - ға дейін арттырылып, 20 789 теңгені құрады. Егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 тг. төленеді. Бұл ретте, ересектерге отбасының жан басына шаққандағы табысы мен АӘК критерийінің мөлшері арасындағы айырмашылық төленеді.

Бұдан басқа, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін және бала кезінен бастап бірінші топ мүгедектігі бар адамдарды күтушілерге ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 30% -ға артты.

Қабылданған шаралар нәтижесінде АӘК алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін артады деп күтілуде.

5 сәуір, 2019 - 10:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші