check

You are here

Еңбек Министрлігі жұмыс орындарын құру мониторингі бойынша ақпараттық жүйе әзірледі

ҚР ЕХӘҚМ

Сәрсенбі, 3 сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен жұмыс орындарын құру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінің және «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері қатысты.

Жұмыс орындарын құру мәселелері жөніндегі ағымдағы жағдай туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев баяндады.

Сонымен қатар, вице-министр ведомство әзірлеген Жұмыс орындарын құру мониторингінің бірыңғай тәртібін ұсынды. Бірінші кезеңде бұл өңірлер, мемлекеттік бағдарламалар, шағын және орта бизнес, жобалар, кәсіпорындар, экономика салалары бойынша жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асырудың екінші кезеңінде құрылатын жұмыс орындары, біліктілік деңгейлері мен орта мерзімді перспективаға арналған мамандықтар бойынша болжамды мәліметтерді жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, кеңес барысында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ әзірлеген «Жұмыс орындарын құру мониторингінің интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесі таныстырылды.

Ақпараттық жүйе жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелерді орындаудың жоғары сапалы мониторингін жүргізуге, жұмыс орындарын құруды және қысқартуды болжамдауға, жұмыс орындарының және кәсіптердің артықшылығы мен жетіспеушілігін талдауға мүмкіндік береді.

Әзірлеушілердің айтуы бойынша, интеграцияланған карта нақты мониторинг құралы болады және халықты жұмыспен қамтуды жоспарлау және қамтамасыз ету кезінде дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова Еңбек министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, жоғарыда аталған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, ұсынылған жобаларды аяқтауды тапсырды.

4 сәуір, 2019 - 16:52 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші