You are here

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2018  жылғы қызметі туралы

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2018  жылғы қызметі туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметін Сырым Қажымұратұлы Нәси атқарады.  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінде әдеп жөніндегі уәкіл қызметін ұжымда құрметке және беделге ие 17 қызметкер атқарып отыр.

Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы мәлімет, оның ішінде олардың тегі, аты-жөні, кабинеті мен телефон нөмірлері Министрліктің интернет-ресурсында және көпшілік назарына арналған ақпарат орындарында орналастырылған.

Есепті кезеңде әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға бағытталған жұмыс жүргізді.

Мәселен, 2017 жылы:

-  әдеп жөніндегі уәкілдерге жеке консультация алу үшін 343 азамат (36 - 2017 жылы) , оның ішінде  223  мемлекеттік қызметші (28 мемлекеттік  -2017 жылы) мен 120 азамат (8- 2017 жылы) жүгінген. Олардың барлығына көтерген мәселелері бойынша ауызша түсініктеме берілді.

- мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі нормаларын бұзғаны туралы    17 өтініш (7 – 2017 жылы) келіп түсті, оның ішінде:

құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мәселесімен 1 мемлекеттік қызметші және 15  жеке және заңды тұлға, 1 мемлекекттік орган жазбаша өтінішпен жүгінді;

15 өтініштің 2-еуі негізді және олар бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.

Есепті кезең ішінде әдеп жөніндегі уәкіл 327 (49 – 2017 жылы) профилактикалық іс-шара (семинар-кеңестер, лекциялар,  сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар, оның ішінде «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күнін) өткізді.

Әдеп жөніндегі уәкілдер  105 рет өңірлерге (17-2017 жылы), оның ішінде  28 рет  облыс орталықтарына ,       39 рет  аудан орталықтарына және 38  ауылдық округке жұмыс сапарымен барды.

Сонымен қатар, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін үйлестіру мақсатында іссапарлар жүзеге асырылды. Іссапарлар барысында  Әдеп кодексін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтау бойынша  түсіндірме семинарлары өткізілді. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет алушылармен кездесулер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру және қоғам сенімінарттыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл қызметі жайлы мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнеролик дайындалды.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 3-тармағының 10-тармақшасына сәйкес, қызмет әдебі нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалға мониторинг жүргізу мақсатында жарты жылда бір рет мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізіледі. Жалпы, есепті кезеңде сауалнамаға 1440 мемлекеттік қызметші қатысты.

Талдау нәтижесі ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақты екенін көрсетті.

Бұдан басқа, интернет сайттарында мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялайтын Министрлік қызметкерлерін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі (жинақтаушы папка жасалды).

Сонымен бірге, қызмет әдебінің, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау талабы туралы үнемі ескертіліп отыратынына қарамастан қызметкерлер арасында мұны елемей, бұзушылықтарға баратындар кездесіп жатады. 2018 жылы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін 2 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылы «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында Министрліктің бірқатар аумақтық департаменттерінде жемқорлыққа қарсы посттар ашылды. Сонымен қатар, департаменттерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына «жасырын сатып алушы» принципі бойынша саралау жүргізіледі.

_______________________________________________________________________

 

 

8 сәуір, 2019 - 16:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші