check

You are here

Еңбекминінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйге қолжетімділік мәселелерін талқылады

жұмыс тобының отырысы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және табыстарды арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі салалық жұмыс тобының отырысында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мәселелері, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын салу мәселелері талқыланды.

Жұмыс тобының отырысына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов, мүдделі мемлекеттік органдардың және ҮЕҰ басшылары, сарапшылар мен қоғам белсенділерінен құралған бастамашыл топтардың өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша іске асырылып жатқан шараларды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін аз қамтылған санаттағы азаматтар арасында тұрғын үйді бөлу тәртібіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ "Алтын алқа" иегерлері үшін тұрғын үйге жеке кезек құру қажеттігін талқылады.

Ведомство басшысы Бердібек Сапарбаев бастамашыл топ айтқан барлық ұсыныстарды мемлекеттік органдар заңда белгіленген тәртіппен қарастыратынын атап өтті.

«Сіздердің барлық ұсыныстарыңызды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұқият зерттейтін болады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша біз сіздерді міндетті түрде хабардар етеміз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Үкіметі жанынан құрылған ел азаматтарының табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі республикалық жұмыс тобының, соның ішінде көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс органы болып табылады.

20 наурыз, 2019 - 15:11 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші