You are here

Жастар жылы аясында жастар қандай мемлекеттік қолдау шараларына ие болады?

Қазіргі уақытта елде ерекше назар аударуды талап ететін жастар санаты бар. Бұл жұмыссыз жастар, күнкөріс шегінен төмен табысы бар жастар, кәсіптік білімі жоқ жастар, мүмкіндігі шектеулі жастар және ассоциалды жастар. Олардың жалпы саны - 1 196 мың адам.

Әрбір нысаналы санаттағы қажеттілікке байланысты Үкімет бүгінгі күні мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын әзірлейді.

Осылайша, «Жастар жылының» салтанатты ашылуында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында үш жыл ішінде 1 миллион жасты қамтитын «Zhastar El Tiregi» жастарына қолдау көрсету жобасы іске қосылады.

Бағдарлама екі бағыттан тұрады: Жас маман» және «Жас кәсіпкер».

«Жас Маман» жобасы, ең алдымен, ел экономикасының басым секторлары үшін білікті мамандарды даярлауға, сондай-ақ колледждер мен университеттердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған. 200-ге жуық модернизацияланған білім беру мекемелерінің базасында

100 сұранысқа ие өндірістік және сервистік мамандықтар бойынша мамандарды даярлау көзделуде.

(20 озық университеттер және 180 озық колледждер) еліміздің барлық өңірлерінде үш жылда 200 мыңға жуық жас азаматты қамтылады.

«Жас кәсіпкер» жобасы бүкіл ел бойынша жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар кешенін қамтиды, оның шеңберінде бизнес дағдыларын үйрету, коучинг, психологиялық қолдау және іске қосу жобаларын жүзеге асыруға көмек көрсету бойынша шаралар кеңейтілуі жоспарлануда.

Жыл сайын 10 мың жасты қамтитын «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жастарға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар ұсынылады.

20 наурыз, 2019 - 11:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші