check

You are here

2018 жылы 32 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды

ҚР үкіметінің отырысы

Сейсенбі, 19 наурызда, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі шаралар қаралды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өз баяндамасында бүгінде ел экономикасының түрлі салаларындағы 165 мың кәсіпорында 6,6 млн-ға жуық адам жұмыс істейтінін жеткізді. Министрліктің алдында тұрған бірінші кезектегі міндет — жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде уақытылы және лайықты еңбекақы төлеу.

«Жұмыскерлердің алдында жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі ерекше бақылауда. 2018 жылы қабылданған шаралар нәтижесінде 32 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды (еск. – жалақы бойынша қарыз мәселесінде), оларға 3,2 млрд теңге төленді», — деді Б. Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, жалақы бойынша берешекті өтеудің нәтижелілігін арттыру мақсатында министрлік мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымын сот орындаушыларының атқару құжаттарының тізбесіне қосуды ұсынуда. Бұл оларды сот шешімдерімен теңестіруге және олардың мәжбүрлеп орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Формалды емес еңбек қатынастарын болдырмауға ерекше назар аударылды. 2018–2019 жылдары «Еңбек шартын жаса» жалпыреспубликалық науқаны өткізілді. Бұл шара қорытындысы бойынша 40 мыңнан астам еңбек шарты жасалды.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артыру» Жолдауын орындау шеңберінде ҚР ЕХӘҚМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Әкімдіктердің ақпараты бойынша, биыл 14 наурызда 184 мыңнан астам жұмыс беруші 958 мың жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын арттырды. Аталған кәсіпорындар бойынша жалақысы төмен жұмыскерлердің орташа жалақы мөлшері 33%-ға арттырылды.

Сонымен қатар Б. Сапарбаев өндірістік жарақаттанушылықтың 2018 жылы 6,6%-ға төмендегенін айтты. Қолда бар деректер бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторларының талаптарына сәйкес, жұмыс берушілер 100 лауазымды адамды жұмыстан босатты, 16 өндіріс нысанының жұмысына тыйым салынды. Құқық қорғау органдарына 1400 материал жіберілді, олар бойынша 98 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, ҚР-да өндірістік жарақаттануды және зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайтудың 2019–2023 жылдарға арналған Кешенді жол картасы әзірленді, ол: өндірістік кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін енгізуді; еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік, ішкі және қоғамдық бақылау тиімділігін арттыруды көздейді. 

Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды ескерту жұмыстарын күшейту үшін еңбек дауларын ескерту және оларды шешу бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова өз кезегінде, облыс әкімдерін еңбек қатынастарын реттеу мәселесіне ерекше назар аударуға шақырды. Атап айтқанда, мониторинг жүргізіп, жұмыскерлерді қысқарту және оларды жұмысқа орналастыру мәселелерінде бақылау жасалуы тиіс, сондай-ақ жалақы бойынша қарыздың өсуіне жол берілмеуі керек.

19 наурыз, 2019 - 18:26 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші