check

You are here

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады

азаматтарды қабылдау

18 наурызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім министрлері, денсаулық сақтау вице-министрі, сондай-ақ Астана қаласының әкімі көпбалалы отбасылармен кездесті.

Еңбекминінің басшысы Бердібек Сапарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30% -ға дейін ұлғайтылатынын хабарлады.

«Бұл тікелей денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 1 миллионнан астам мемлекеттік қызметшілерге тікелей әсер етеді. Олар – бірден сегізге дейінгі разрядтағы қосалқы қызметкерлер (техникалық), әкімшілік және негізгі кадрлардағы жұмысшылар», - деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, министр Мемлекет басшысының аз қамтылған отбасыларға, табысы төмен көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді кеңейту туралы тапсырмасының орындалуы туралы әңгімеледі.

 «Біз атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін жетілдіріп жатырмыз. Атап айтқанда, жәрдемақыны беру критерийі адам басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 50% -дан 70% -ға дейін, яғни ағымдағы жылы 14 849-дан 20 789 теңгеге дейін артады. Бұдан басқа, табысы төмен отбасының әр баласы үшін ай сайын күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 70% (20 789 теңге) мөлшерінде кепілді көмек төленеді. Отбасының ересек мүшелері үшін АӘК мөлшері бұрынғыдай есептеледі», - деп қорытындылады министр Бердібек Сапарбаев.

Ведомство басшысы ана мен төрт баланы қамтитын, жұмысынан табыс таппаған нақты отбасының үлгісіндегі өзгерістерді түсіндіріп, көп балалы отбасыларға 10 504 теңге (1.01.2018 дейін тағайындалса) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатынын айтты.

 «Бұл отбасы үшін жаңа критерийлерді ескере отырып, тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек 103 945 теңгені құрайды немесе 63% -ға артып, қазіргі жүйе бойынша салыстырғанда - 63 741 теңге», - деп түсіндірді министр.

Кездесуге келген көпбалалы аналар тұрғын үй алу, сондай-ақ АӘК-ті алуға тіркеуге тұру мәселелері  бойынша қызығушылық танытты.

Еңбекминінің басшысы Бердібек Сапарбаев бүгін «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналарға арналған мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін кезекке қою мәселесін әзірлеу қажеттігін атап өтті. Екінші сұраққа қатысты, ҚР Ішкі істер министрлігі оны шешу үшін қажетті шараларды қабылдайтыны атап өтілді.

19 наурыз, 2019 - 18:20 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші