You are here

2019 жылғы 19 наурызда Үкімет отырысында Министр Б.Сапарбаевтың сөз сөйлеу тезистері

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, әріптестер!

Бүгінгі күні ел экономикасында 6,6 млн.-ға тарта жалдамалы жұмыскер жұмыс істеуде, белсенді жұмыс істеп тұрған 165 мың  кәсіпорын бар. Бұл азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеу қай  қоғамның болса да өзекті мәселесі болып табылады.

Өздеріңізге белгілі, Дүниежүзілік экономикалық форум «еңбек нарығының тиімділігін» жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекс тізбесіне енгізіп, жыл сайын жұмыс берушілер арасында тәуелсіз сауалнама жүргізіп келеді.

2018 жылы осы   ұйымның жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша Қазақстан 140 мемлекеттің арасында 35-ші орыннан 30-ші орынға көтерілді. Бұл – еңбек қатынастарын реттейтін тараптардың  мүдделерінің тепе-теңдігін сақтай отырып, атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге немесе 42,5 мың теңгеге арттырылды (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ 28 284 теңгені құрайды)

Жалдамалы жұмыскерлердің орташа номиналды жалақысы  176 мың теңгені құрайды.

Ал енді еңбек қатынастарын реттеудегі негізгі мәселелерді шешуге тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.

 Бірінші міндет. Жұмыскерлердің еңбек, оның ішінде еңбектің уақтылы және лайықты жалақы алу құқықтарын қорғау   

Қазіргі уақытта мемлекеттік бақылау ерікті жұмыс берушілерге қатысты профилактикаға және тексеруді азайтуға бағытталған.

 Алайда, мемлекеттік еңбек инспекторларының тексерулері жұмыс берушілердің көбісі еңбек заңнамасының талаптарын сақтамайтынын көрсетті, нәтижесінде, жұмыскерлердің наразылықтарын туғызады. Өткен жылы еңбек инспекторлары 12 мың бұзушылықты айқындады.

Жұмыскерлердің алдында жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі ерекше бақылауда.  2018 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы бойынша 1,2 мың кәсіпорында 3,7 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті айқындады. Ден қою бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде  32 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды, оларға 3,2 млрд. теңге төленді.

  Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша берешек 1,7 млрд.теңгені құрайды, оның 75% оңалтудағы банкрот кәсіпорындарға (1,3 млрд. теңге) тиесілі

Жұмыс істейтін кәсіпорындар бойынша  1,4 мың жұмыскердің алдындағы берешек 410 млн.теңгені құрайды.

Ең көп берешек Ақтөбе (83,2 млн. теңге), Жамбыл  (72,3 млн. теңге) Қарағанды (51,8  млн. теңге) облыстарында.

Осыған байланысты, Әкімдіктер жұмыс берушілерді берешекті өтеу графигін белгілей отырып, жұмыскерлердің жалақы қорын мақсатсыз пайдалану фактілері бойынша бақылауды қатаңдату қажет.

 Сонымен бірге,   жалақы бойынша берешекті өтеудің нәтижелілігін арттыру мақсатында Министрлік  мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымын сот орындаушыларының атқару құжаттарының тізбесіне қосу мәселесін шешуде.  Бұл оларды сот шешімдерімен теңестіруге және олардың мәжбүрлеп орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

   Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қаралуында.

Бейресми еңбек қатынастарының сақталуына назар аударуға тура келеді. Соңғы 2 жыл ішінде еңбек инспекторлары еңбек шарттарын жасаспай жұмыскерлердің еңбегін пайдаланған мыңнан астам жұмыс берушілерді айқындады.

 Аталған проблеманы ескере отырып, Министрлік  2018-2019 жылдары «Еңбек шартын жаса» атты жалпы республикалық акцияны жүргізуге бастамашылық жасады. Өткен жылы акция шеңберінде 40 мыңнан астам еңбек шарты жасалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын орындау шеңберінде Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

 Әкімдіктердің ақпараты бойынша а.ж. 14 наурызда 184,6 мыңнан астам жұмыс берушілер 958 мың жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын арттырды, оның 1690 кәсіпорны ірі кәсіпкерлік, 2,5 мың - орташа, 180 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері.

Көрсетілген кәсіпорындар бойынша жалақысы төмен жұмыскерлердің орташа жалақы мөлшері 33% арттырылды ( 43 мыңнан 57,5 мың теңге дейін).   

 Сонымен бірге Шымкент қаласында кәсіпорындардың қамтылуы төмен, онда 33 ірі кәсіпорын ғана жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын арттырды (жалақысы төмен жұмыскерлері бар 97 кәсіпорын), Маңғыстау облысында – 22 (91).

Екінші міндет. Жұмыскерлерді  қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету. 

Жалпы, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбек қорғау саласында қабылдаған кешенді шаралары өндірістік жарақаттанудың оң динамикасын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

 2018 жылы республика кәсіпорындарында 1 568 адам зардап шекті, ол өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 6,6%-ға төмен (2017 ж. – 1 678 адам).

Өліммен аяқталған зардап шеккендердің саны 220 адамды құрайды, ол өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,2% төмен (2017ж. – 244 адам).

 Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері еңбектің қауіпсіз жағдайымен, жеке және ұжымдық қорғаумен қамтамасыз етпеу; жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек дағдыларына оқытуды жүргізбеу болып табылды.

 Мемлекеттік еңбек инспекторларының талаптары бойынша  жұмыс берушілер 100 лауазымды адамды жұмыстан босатты, 16 өндіріс объектілерінің жұмысына тыйым салынды.

 Құқық қорғау органдарына 1400 материал жіберілді, олар бойынша 98 қылмыстық іс қозғалды.

 Сонымен бірге 2017 жылмен салыстырғанда өндірістік жарақаттанудың өсімі Қарағанды 192 адамнан  224 адамға дейін) және Солтүстік Қазақстанда (56 адамнан 82 адамға дейін) облысында болды.

 Өліммен аяқталу жағдайларының өсімі Ақмола (11 адамнан 17 адамға дейін), Алматы ( 8-ден 13 адамға дейін) және  Түркістан (19-дан  24 адамға дейін) облыстарында болды.

Еңбек жағдайлары бойынша тексерілген кәсіпорынның 1,7 млн. жұмыскерінің 370 мыңы немесе әрбір төртіншісі (23,0%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында.

 Жұмыс берушілердің  қауіпті еңбек жағдайы үшін жұмысқа өтемақыларына шығындар өсуде. Осы мақсаттарға жұмыс берушілер 107,7 млрд.теңге бөлді, ол 2016 жылға қарағанда 7,7%-ға артық.

Қауіпсіз еңбек жағдайын құру бойынша шараларды күшейту мақсатында әкімдіктер:

 1) өндірістік жарақаттануды  және зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайту бойынша өңірлік  жол картасын қабылдау;

2) өңірлерде әрқайсысына қатысты жарақаттануды болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеумен, өндірістік жарақаттанудың өсіміне жол берген  жарақаттану қаупі бар кәсіпорындарды белгілеу;

3) Министрліктің жасаған бастамашылығы шеңберінде әлеуметтік әріптестермен бірлесіп 2019 жылы «Қауіпсіз еңбек» ұранымен ақпараттық компанияның бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, жұмыс берушілермен,  қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша кәсіподақтармен ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Өз кезегінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы бар тәуекелдерді есепке ала отырып, Министрлік Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайтудың 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жол картасын әзірледі.

Жол картасында:

1) өндірістік кәсіпорындарда кәсіптік тәуекелдер профилактикасында, айқындауында, бағалауда және басқаруда негізделген  еңбекті қорғауды басқарудың заманауи   жүйесін енгізу.

2) еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік, ішкі және қоғамдық бақылауының тиімділігін арттыру  көзделген.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, аталған Жол картасын ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Үкіметтің шешімі деңгейінде қолдауды сұраймын.

 Көрсетілген іс-шараларды заңнамалық қамтамасыз ету Министрлік әзірлеген  Еңбек қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі Заң жобасы шеңберінде көзделген (Мәжіліске енгізу 2019 жылғы мамыр).

Үшінші міндет. Ұжымдық еңбек дауларының профилактикасы және алдын алу бойынша жүйелік шаралар қабылдау.   

Еңбек саласындағы ағымдағы жағдайды Министрлік Еңбек тәуекелдері картасы бойынша бағалайды, оның шеңберінде мониторингпен тәуекел аймағында орналасқан 100 мыңнан астам жұмыскерлері бар 200-ден астам кәсіпорын қамтылады.

 Карта нәтижелері жағдайды ай сайын дамытудың мүмкін шараларын ескере отырып, ден қою шараларын қабылдаумен талдау жүргізіледі.

 Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде соңғы жылдары еңбек жанжалдарының 5 есе төмендеуі болып табылады.

Аталған бағыттағы жұмысты күшейту үшін Министрлік Еңбек жанжалдарын шешу және алдын алу жөніндегі іс-шараларының жаңа жоспарын әзірледі.  

Жоспар шеңберінде мемлекеттік органдардың және әлеуметтік әріптестердің еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Барлық әлеуметтік әріптестердің күшімен жұмыс берушілер мен жұмыскерлерді келіссөздер жүргізу машықтарына және консенсусқа қол жеткізуге оқыту жүргізіледі.

 Жұмыс берушілер бірлестіктерінің еңбек дауларының алдын алу бойынша жұмысы барынша белсендендіріледі. Ол үшін жұмыс берушілердің республикалық,  салалық бірлестіктері жанында «еңбек омбудсмені» институты құрылады.

Жергілікті атқарушы органдар, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер үшін  нысаналы индикаторларды анықтау мақсатында еңбек жанжалдарын болдырмау бойынша Сіздің тапсырмаңыз бойынша, Асқар Ұзақбайұлы, 2018 жылы өңірлерде, оның ішінде Сіздің қатысуыңызбен Қарағанды қаласында Форумдар өткізілді. Бұл жұмысты біз жалғастыратын боламыз.

 Ағымдағы айда Премьер-Министрдің орынбасары Г.Әбдіқалықованың қатысуымен төрт батыс өңірімен жұмыс кездесулері өтті.

Асқар Ұзақбайұлы,  тағы бір мәселеге тоқтала кетсем Соңғы 5 жылда мемлекеттік еңбек инспекторларының саны 16%-ға,  320 бірліктен 268 бірлікке дейін қысқартылған ( 2013 жылы ЕМИ ЖАО берілген). Соңғы үш жылда 123 еңбек инспекторы жұмыстан кетті. 2018 жылы тәртіптік жауаптылыққа 113 еңбек инспекторы тартылды, яғни кадр құрамының 40%- дан астамы. Сондықтан, Облыс әкімдеріне

а) кадр құрамын  жақсарту бойынша шаралар қабылдау;

б) және олардың біліктілігін арттыру бойынша тапсырма беруіңізді сұраймын.

Еңбек қатынастарын дамытуды  реттеу және бақылау бойынша жұмыстардың нәтижелері мен негізгі бағыттары осындай. Оң динамикаға қарамастан еңбек саласында шешімді талап ететін көп мәселелер мен проблемалар сақталуда. 

Оларды шешу үшін әлеуметтік әріптестер мен мүдделі мемлекеттік органдардың күштерін үйлестіру қажет болады. 

Назарларыңызға рахмет.

19 наурыз, 2019 - 11:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші