check

You are here

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Атырау облысындағы көп балалы отбасылармен кездесті

прием граждан

Бүгін, 13 наурызда Атырау облысына жұмыс сапарымен келген үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырды. Республикалық "Әлеуметтік қамқорлық" бағдарламасы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы көп балалы отбасылармен кездесті. Үкіметтік комиссия төрттен сегіз балаға дейін тәрбиелеп отырған көп балалы отбасыларға барды. Мысалы, көп балалы ана Зульфия Қайырова алты бала тәрбиелеп отыр. Отбасы айына 45 мың теңгеге шағын жеке үйді жалға алған. "Күміс алқа" иегері қазір декреттік демалыста. Зульфияның жолдасы жүргізуші болып жұмыс істейді, жалақысы 150 мың теңге. Мемлекеттен алатын жәрдемақыларды қоса есептегенде отбасының жалпы табысы баспана алу үшін қаражат жинауға жетпейді.

Вице-Премьер Гүлшара Әбдіқалықова көп балалы анаға атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алу ережелерін түсіндіру керектігін айтты. Зульфияның өңірдегі "Іскер ана" жобасына қатысуы отбасылық жағдайдың жақсаруына септігін тигізбек. 
- Курсқа қатысу арқылы жаңа мамандықты меңгеріп қана қоймай, өзіңізге ұнаған кез келген мамандық бойынша қайта оқуға болады. Алдағы күндері жеке кәсіп ашуға бір реттік қайтарымсыз ақшалай сертификат беруді бастаймыз. Мамыр айынан бастап көп балалы отбасыларға жалға берілетін үй, тиімді шарттармен ипотекалық несие беріледі, осы шаралар елдің әл-ауқатын көтеріп, проблемаларды шешеді деген сенімдеміз, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Үкіметтік комиссия барған көп балалы отбасылардың басым бөлігін тұрғын үй мәселесі, жұбайлардың бірінің жұмысы болмауы, мемлекеттік қолдау туралы насихаттың аздығы толғандырды. Ауылдан көшіп келгендер үшін қалаға тіркеуге тұру мәселесі өзекті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев әрбір анамен жеке сөйлесіп, жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдер туралы түсіндірді. 
- Атырау облысына мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа әлеуметтік реформаны түсіндіру мақсатында келдік. "Әлеуметтік қамқорлық" бағдарламасының арқасында ешбір отбасы назардан тыс қалмайды, осы мақсатта республикалық бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Біздің міндетіміз - әр қазақстандықтың мемлекеттен нақты көмек алуын қамтамасыз ету,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Жұмыс сапарының соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мен Бердібек Сапарбаев азаматтарды қабылдады, көп балалы аналар тиісті әлеуметтік төлемдер туралы, әлеуметтік осал топтағылар мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәлімет алды.

13 наурыз, 2019 - 18:06 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші