check

You are here

Әлеуметтік саланың бірінші басшыларынан тұратын жұмыс тобы Атырау облысының тұрғындарымен кездесті

жұмыс сапар

Үкіметтің ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Атырау облысына барды.

Топ құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Куләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов кіргенін айта кеткен жөн.

Жұмыс сапарының басты маңыздылығы, өңір халқымен кездесу болды, онда халықтың аз қамтылған топтарын қолдау және табысын арттыру, кірістері төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту, өңірлерді кешенді дамытуға бағытталған тапсырмаларын іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды.

Бұдан өзге, Гүлшара Әбдіқалықова қалалық Жұмыспен қамту орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының дайындығын тексеріп, Студенттер үйіне барды. Онда аз қамтылған отбасылардан шыққан жастармен өзекті мәселелерді, сондай-ақ, Жастар жылы аясында орындалып жатқан іс-шараларды жүзеге асыру барысын талқылады.

Жұмыстың бірінші күнінің соңында аудандардың әкімдерімен, кәсіпорындардың және кәсіподақтық ұйымдардың басшыларымен кеңес өткізілді, онда жұмысшылардың еңбек ақысын уақытылы және лайықты алуына қатысты құқықтарын қорғау, өндірісті жаңғырту, жұмысшылардың еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жұмыс берушілердің, ең алдымен, жұмысшылардың әлеуметтік осал санатына қатысты әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше көңіл бөлінді. Атырау облысына жұмыс сапары жалғасуда. Жұмыс сапарлары аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көршілес өңірлерге де жоспарланған.

13 наурыз, 2019 - 11:16 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші