You are here

ПРЕСС-РЕЛИЗ

   Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың 2018 жылғы 28 қарашадағы № 20-11/2163 тапсырмасына сәйкес«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.

   Қаулы жобасы «Қазақстан кәсіподақтарының күні» кәсіби мерекесін 10 қазанға бекітуді көздейді.

   Қаулы жобасын қабылдау Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының дамуына жаңа серпін береді.

   Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 500 кәсіподақ ұйымдары қызметін жүзеге асыруда. Олардың ішінде 3 республикалық кәсіподақ, 39 салалық кәсіподақ, 19 аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері және 439 жергілікті кәсіподақтар.

   Елдегі кәсіподақ қозғалысының жандануы аясында «Қазақстан кәсіподақтарының күні» мерекелік датасын бекіту әлеуметтік әріптестік институтының дамуына оң әсерін тигізеді.

   Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар тудырмайды.

12 наурыз, 2019 - 15:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші