check

You are here

Мүгедектер бірлестігі Қаржы министрлігінің базасындағы тексеруден кейін ғана мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады

мемлекеттік сатып алулар

Ағымдағы жылдың басында ҚР мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі сатып алулар мәселесі бойынша өзгерістер енгізілген заң күшіне енді.

Заңның 51 бабының 3 тармағында көрсетілгендей, тауар өндіретін немесе тауар тасымалдап, қызмет көрсету жұмыстарын атқаратын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйедегі тексеруінен кейін ғана жіберіледі (мемлекеттік сатып алулар веб-порталы).

Тексеруден өту үшін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерімен құрылған ұйымдар, мемлекеттік сатып алулардың веб-порталына қатысуы барысында соңғы 4 салықтық кезеңде (төрт тоқсан) жұмыс істеген жұмысшыларының ЖСН көрсетуі тиіс.

Бұл мәліметтер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде тексерілетін болады, ал сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін жауап ҚР Қаржы министрлігінің АЖ жіберіледі. Бүгінгі күні екі мекеменің ақпараттық жүйесін біріктіру жұмысы жүргізілді.

Тексеру барысы «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Ресупбликасы Кодексінің 394 бабының бірінші бөлімінің 11 тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

Сондай-ақ, жалпы жұмысшылар санынан, мүгедектердің саны 51 пайыздан аз болмауы керек, өйткені мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінде мүгедектердің еңбек ақысының шығына солай теңестіріледі-51 пайыз. Есту, сөйлеу, көру қабілетін жоғалтқан мүгедектер жұмыс істейтін арнайы ұйымдардарда- жалпы шығынның 35 пайызы еңбек ақыға жұмсалады.

ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрылтайшысы болып табылатын ұйымдарға тиістілік те тексерілетін болады.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тауар өндіріп немесе тауар тасымалдап, қызметін көрсету жұмысын атқарып жүрген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізімін қалыптастыру жүргізілмейді. Себебі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінде және ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алулар жүргізу бойынша бірқатар мәселелер туралы» № 1065 Бұйрығы күшін жойды.

4 наурыз, 2019 - 10:48 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші