You are here

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

     «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына  және 134-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып;

2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, ғылыми қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

    4. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы                      13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,            2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген бөлімде:

         реттік нөмірі 202-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

202.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                                                                                                                                   »;

       5. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің           2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

       көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

        «1. Қазыналық кәсіпорындар» деген бөлімде:

        реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;

        3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

       «3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар

  1. Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.

     2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты.».

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

   Премьер-Министрінің

    міндетін атқарушы                                                                 А. Мамин

ТіркемеМөлшер
Package icon npa_rniiot.zip127.14 KB
22 ақпан, 2019 - 10:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші