check

You are here

160 мыңнан астам жұмыс беруші 885 мың жұмыскердің жалақысын көтерді

жалақының көтерілуі

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында  төменгі жалақы алатын санаттағы жұмысшылардың жалақысын көтеруді мониторингтейтін штаб құрылды. Оның құрамына орталық мемлекеттік органдардың, кәсіподақтар Федерациясының және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Штаб жайында мәлімет еліміздің барлық аймағында бар.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып  ең төменгі жалақы алатын жұмысшылардың еңбекақысын көтеру бойынша кеңейтілген көлемдегі түсіндіру жұмыстарын жүрігізді. 

Әкімдіктердің мәліметінше, 7 ақпанда республика бойынша 163,5 мың жұмыс беруші  (жұмыскерлердің жалпы саны 1,9 млн адам) 885 мың жұмысшының жалақысын көтерді. Оның  1481 - ірі кәсіпкерлік субьектілері,  2,1 мыңы – орта, 160 мыңы шағын кәсіпкерлік.

Жоғарыда аталған  кәсіпорындардың  төменгі жалақы алған жұмысшыларының орташа еңбекақысы 30 пайызға ( 44 мыңнан 59 мың теңгеге дейін)  өсті. Мысалы,   Павлодар облысының  «РУБИКОМ» ЖШС  (1201 адам) төменгі жалақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы (әртүрлі жұмыста істейтіндер, қызметтік ғимаратты сыпырушы, жүк тасушылар, тапсырыспен жұмыс істейтін оператор) орташа алғанда 27 пайызға немесе 55 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін өсті.   

Солтүстік-Қазақстан облысындағы  «Қызылжар су» ЖШС  (840 адам) төменгі жалақы алатын жұмысшылардың ( техниканы шығаратын контролерлер, кәрізді тазалау орындарының құмұстағыш операторы, қызметтік ғимаратты тазалап, сыпырушылар, кәрізді соратын станцияның машинистері) еңбекақысы  13% немесе 61,9 мыңнан 70,5 мың теңгеге дейін өсті. 

Шымкент қаласындағы  «Стандарт Цемент» ЖШС  (707 адам) төменгі жалақы алатын жұмыскерлердің  (күзетшілер, аула сыпырушылар, техникалық қызметшілер, әртүрлі жұмыстағылар, контролерлер) еңбекақысы  15% немесе  52 мың теңгеден  60 мың теңгеге өсті.    

Жамбыл облысындағы «Казфосфат»  ЖШС  (6162 адам) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыскерлердің еңбекақысын  128 мыңтеңгеден 140 мың теңгеге дейін өсірді. Оның ішінде төменгі жалақы алатындар (сылақшы, слесарь-жөндеуші, сыпырушы, поездарды қабылдап-өткізуші, жолдарды жөндеуші)  жыл сайын 60 мың теңге алады.

Жалақыны  өсіру жұмысшылардың еңбекақы жүйесін реттейтін жұмыс берушілердің ұжымдық келісімдер мен актілері аясында  жүргізіліп отыр.

Жалақының өсуін бақылау үшін  кәсіпорындар мен жұмысшылар бойынша міндетті зейнетақы жарналарының түсуіне автоматты түрде мониторинг жүргізу енгізіледі.

15 ақпан, 2019 - 10:16 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші