Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2019 жылдың 1 ақпанындағы аз қамтылған отбасылар қатарындағы 107,2 мың азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Республика бойынша аталған көмектің бір айда 1 алушыға шаққандағы орташа мөлшері 9410,8 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаражаттың 51,5 пайызы ауыл тұрғындарына төленді.