You are here

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып не табылады?

Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыскерлер үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады.

Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылымы енгізіледі.

Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары, оның ішінде арнаулы салық режимін қолданатындар үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiлерi мыналар болып табылады:

өзі үшін – алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;

жалдамалы жұмыскерлер үшін – қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар.

8 ақпан, 2019 - 11:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші