check

You are here

ҚР Парламенті Сенатының дөңгелек үстелінде вице-министр Н.Б. Әлтаевтің cөйлеген сөзі

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті Дөңгелек үстелдің қатысушылары!

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және «Жастар жылы» аясында  мемлекеттік органдардың алдында тұрған міндеттер туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі күні әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер заманына аяқ басуда. Осы жаһандық өзгерістер қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ғана тудырмай, оны дамыту үшін әлеуетті қатерлерге әкеп соғады.

Адами капиталды бағыттауда білім беру маңызды роль атқарады, яғни, бүгіннің өзінде өскелең ұрпаққа өмір бойы оқу қағидатын ұстану қажет, ал білім беру жүйесі еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларға жауап беруге тиіс.

Бүгінде республикада 3,9 млн. жас адам бар (14 пен 28 жас аралығындағы).

2018 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша 2 млн. 125 мың адам 15 пен 28 жас аралығындағы белсенді жастар (жұмыс күші) болып табылады, оның ішінде 2 млн. адам (94%) -  жұмыспен қамтылғандар, жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адамдар (жұмыспен қамтылған және жұмыссыз болып саналмайды) саны 1 369,9 мың адамды құрайды.

Жұмыс істейтін жастар арасында 1 555,5 мың адам немесе 76,1%-ы – жалдамалы жұмыскерлер, 488,4 мың адам (23,8%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.  

Республика бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болған кезде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмен және 3,8%-ды құрайды, бұл 82,4 мың адам.

Экономика салалары бөлінісінде адамдардың ең көп саны – 341,5 мың адам (16,7%) сауда және сервис саласында, 289,5 мың (14,1%) адам ауыл шаруашылығында, 227,5 мың адам (11,1%) білім беру саласында, 232,2 мың адам (11,3%) адам өнеркәсіпте жұмыс істейді.

2017 және 2018 жылғы деректерді талдау көрсеткендей, экономикада жұмыспен қамтылған 15 пен 28 жас аралығындағы адамдар саны өскен. Тек ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар санының айтарлықтай азаюын, сондай-ақ құрылыс саласында олардың санының шамалы қысқаруын қоспағанда. Бұл үрдістер жастардың ауылдық жерлерден қалаға көшуіне байланысты.

2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша 9 сынып бітіргендер – 235 404 адам, 11 сынып оқушылары – 143 089 адам, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері – 144 080 адам, жоғары оқу орындарының студенттері – 130 691 адам.

Жыл сайын шамамен 300 мың түлек еңбек нарығына шығады.

Жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметінде басым міндет болып табылады.

2017 жылдан бері елімізде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылып келеді, ол арқылы ең алдымен жастар жұмыспен қамтамасыз етіледі.

2018 жылы Бағдарламаға қатысушылар арасында жастардың үлесі – 37%, 253,3 мыңнан артық жас азамат оның қатысушысы болды.

Кәсіптік, оның ішінде қысқа мерзімді оқытуға 362 мың адам жіберілді,  8 494 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен қамтылды, 2 048 адам микрокредит алды, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға 63,3 мыңнан астам жас азамат орналастырылды.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 30 мың жас адам жұмыспен қамту органдарының есебінде бар, бұл тіркелген адамдардың жалпы санының 32,7%-ын құрайды (91,5 мың адам).

2018 жылы республика бойынша 254,4 мың адам жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға жүгінген. Жүгінгендер қатарынан 127,7 мың адам ауылдық жерлерде тұрады. 85%-дан астамын (213,5 мың адам) жұмысқа орналастыру мүмкін болды.

2019 жылдан бастап 2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1,8 млн. жас азамат шығады деп күтіледі.

Сұранысқа ие кәсіптер мен дағды алуда жастарға жәрдемдесу, олардың табысқа жетуі үшін жағдай жасау және мүмкіндік беру басты міндеттердің бірі болып табылады.

Біз алдымызда қандай қатерлер тұрғанын ұғынамыз және олар бойынша шаралар қабылдаудамыз.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 23 қаңтарда «Жастар жылын» салтанатты түрде жариялау бойынша жиында берген тапсырмасымен ағымдағы жылдың басынан «Жастар ел тірегі» атты жастарды қолдау бағдарламасын іске қосу жоспарланған. Ол үш жылда 1 млн. жас адамды қамтиды. 

Осы жоба шеңберінде жастарды жұмысқа орналастыру, білім беру сапасын арттыру және жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін шешу үшін «Жас маман» және «Жас кәсіпорын» деген екі бағыт бойынша жұмыс жасау жоспарланған, оларға қосымша 91,4 млн. теңге көзделеді.

І. «Жас маман» жобасы 200 жаңғыртылған оқу орны (алдыңғы қатарлы 200 жоғары оқу орны мен 180 колледж) базасында 100 неғұрлым сұранысқа ие индустриалдық және сервистік кәсіп бойынша маман даярлауды көздейді, ол елдің барлық өңірінде үш жылда 200 мыңға жуық жас азаматты қамтиды.

Қосымша онлайн-оқыту ұйымдастырылады, ол 150 мыңнан астам жас адам үшін сұранысқа ие кәсіптік дағдыларды үйретудің онлайн-курстарын қамтиды.

«Жас маман» жобасын іске асыру нәтижесінде  20 ЖОО мен 180 колледждің негізгі мамандықтарын жаңғырту,  400 комплект заманауи жабдықты сатып алу, шамамен 200 мың білікті кадрларды даярлау, 15 мыңнан астам оқытушылардың біліктілігін арттыру жоспарлануда.

Алған кәсіптері (мамандықтары) бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін барлық жекеменшік нысанындағы кәсіпорындарда және ұйымдарында  жастар практикасы сәтті жүзеге асырылуын атап өткен жөн. Егер 2018 жылы жастардың 28 мыңы жастар практикасына қатысуға мүмкіндік алса, «Жас маман» жобасы шеңберінде жастар практикасы арқылы үш жыл ішінде 30 мың жас адамды қамту болжануда. 

Бұл шара бұдан да көп жастарға өздерінің әлеуетін жүзеге асыруға және оқудан кейін қажетті тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

«Жас маман» жобасына 59,3 млрд.теңге сомасында қосымша қаржыландыру көзделген.

II. «Жас кәсіпкер» жобасы - республиканың барлық аумағында  жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар кешені, оның шеңберінде бизнесті жүргізу дағдыларына оқыту, коучинг, психологиялық қолдау көрсету және старт-ап жобаларын іске асыруға жәрдемдесу бойынша шараларды кеңейту жоспарлануда.

Аталған жоба мынадай құралдарды қамтиды:

«Еңбек» мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылатын «Бастау – Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне  Қазақстан бойынша үш жылда жастар өкілдерінің кемінде 60 мың жастарды тарта отырып оқыту . Мемлекеттік қолдаудың аталған шарасы оларға өз ісін ашып қана қоймай жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

  • «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама аясында жыл сайын 10 мың жастарды қамтумен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жастарға арналған мемлекеттік гранттар (соманы 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ұлғайтумен)

- «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге арналған гранттар үш жылды 600 адамға бөлінетін болады.

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерді  15 мың адамды қамтумен микрокредиттеу

  - ЖОО мен ТжКБ студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, онда тегін негізде үш жылда 180 мың адамды қамту көзделген.

 - Әлеуметтік кредиттерге (волонтерлік қызмет) стипендиялар төлеу 15 мың жасқа көмекті көздейді.

- «Дипломмен-ауылға» бағдарламасын жандандыру.  «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша  ауылды елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мен агроөндірісі кешені саласының мамандары үшін жергілікті бюджет есебінен  90 АЕК 100 АЕК дейін біржолғы жәрдемақы мөлшерін арттыру ұсынылады.Аталған шаралармен жастар қатарынан 15 мың адамды қамту жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Дипломмен-ауылға» жобасын іске асыру басталды. Әлеуметтік қолдау шаралары ауылды елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мен агроөндірісі кешені саласының мамандары үшін көрсетіледі. Мыналар көзделеді:

- Бір маманға АЕК 70-есе мөлшеріндегі біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу (168,3 мың теңге);

 - тұрғын үй сатып алуға немесе салуға АЕК 1500 есе мөлшерінен аспайтын сомада 15 жылға  кредит сомасынан 0,01 пайыз жылдық мөлшерде сыйлықақы ставкасымен  бюджеттік кредит (3,6 млн.теңге).

 «Дипломмен-ауылға» жобасын іске асыру кезеңінде 12,5 млрд.теңге сомасында 54 мың маман көтерме жәрдемақы алды, ал 23,5 мың маман 57,0 млрд.теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттер алды, бұл ретте шамамен  70 пайызы жас маман болып табылады.

Сонымен бірге 2017 жылы көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау 2,5 млрд.теңге сомасында  5 794 маманға берілді, бюджеттік кредит 11,0 млрд.теңге сомасында 3 413 маманға берілді.

Білім беру саласына келген мамандардың жалпы қатарынан салалар бөлінісінде 34715 (71,7%) адам, денсаулық сақтау – 10 164 (21%), мәдениет – 1 326 (2,7%), спорт – 652 (1,3%), әлеуметтік қамсыздандыру – 408 (0,8%) және агроөнеркәсіп кешені – 1177 (1,3%) адам тартылды.

«Жас маман» жобасын іске асыруға 32,1 млрд. теңге көзделуде.

«Жас маман» жобасы аясында жұмыс істейтін жастарға үш жылда кемінде 1 мың жалға берілетін пәтер салу жоспарда бар (Астана, Алматы, Шымкент қалаларында).

Аталған тәсілдерді іске асыру барлық мемлекеттік органдар тарапынан кешенді шараларды қажет етеді. Жастарды сұранысқа ие дағдыларға үйрету, бастапқы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жеке ісін ашып, дамытуға қолдау көрсету негізгі міндеттерге айналуға тиіс.

7 ақпан, 2019 - 17:33 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші