check

You are here

ҚР ЕХӘҚМ-де еңбек заңнамасы талқыланды

Шетелдік инвесторлар кеңесі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің еңбек заңнамасы, адами капиталын дамыту және шетел жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша  жұмыс тобының отырысын өткізді.

Жұмыс тобы отырысының Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің еңбек заңнамасы, адами капиталын дамыту және шетел жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша, еңбек және көші-қон заңнамаларын жетілдіру бойынша 2018 жылы атқарылған жұмысы туралы ақпарат тыңдалды, сондай-ақ 2019 жылға міндеттер белгіленді.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32- пленарлық отырысына дайындық шеңберінде инвесторлармен техникалық және кәсіптік білімді беруді дамыту және жетілдіру бойынша әріптестіктің Жол картасын іске асыру мәселері толық талқыланды.

Бұдан басқа, шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдарының инвесторлық визасын алудың проблемалық мәселелері қаралды.

Барлық белгіленген мәселелер бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

 

4 ақпан, 2019 - 10:44 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші