check

You are here

Ақтөбеде жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 100 орындық балабақша ашылды

жетістік тарихы

Ақтөбе облысының тұрғыны Мейрамгүл Жиенбаеваға мемлекеттен жеңілдетілген несие алуға бір айға жуық ғана уақыт кетті.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушысы Жиенбаева Мейрамгүл  15 тұрақты жұмыс орнын құрды, бүгінде көпбалалы аналарға және жалғызбасты аналарға жеңілдік жасап, өзінің әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырып отыр.

Мейрамгүл Байдашқызы мектепке дейінгі тәрбие беру саласында 30 жыл қызмет етіп келеді. Ол 1998 жылдан бастап  қосалқы жұмысшыдан бастап, кейін бала күтуші, одан әрі музыкалық жетекші, тәрбиеші,  әдіскер болып қызмет етті. Ерен еңбектің арқасында мемлекеттік балабақшаның  меңгерушісі болды.  Қазір «Mir» Мектепке дейінгі дамыту орталығы» ЖШС-ң  құрылтайшысы және директоры.

Жиенбаева Мейрамгүл 2018 жылдың 25-і мамырында  мемлекеттік бағдарлама аясында шағын несие алып, балабақша ашу мәселесі бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінді. 2018 жылдың маусымында ол  10 млн теңге көлемінде шағын несие алып, қол жеткізген қаражатқа қажетті жабдықтарды сатып алды.

«Екі ай ойландым. Сосын  «Дамуды» білдім, онда маған жақсы кеңес берілді. Мен осы кәсіпті ашуға бел будым. Тезірек ашып, жұмысты бастағым келді.  Онда маған кеңес берген менеджер қыз бәрін жетік түсіндірген болуы керек.  Мен барлық банкті аралап шықтым. Несиені АТФ-банкте мақұлдады,  «Даму» арқылы  6% жылына. Батыс-2 жаңа ауданынан 420 шаршыметр көлемінде ғимарат таптым. Біз тез арада балаларды өзіміз қабылдап алдық. Тамыздың 20 күні ашылдық, бүгінгі күні біздің бақшада 100 бала тәрбиеленіп жатыр»,-дейді ол. 

«Менде топта балалар саны 20-дан аспайды. Ең кішкентай  топта-16 бала.  Менің балабақшамда тұзды бөлме,  хореография, ағылшын тілі, музыка сабағы, логопедтер жүргізетін сабақтар бар. Оның бәрі осы төлемге кіреді. Ата-аналар қосымша ақы төлемейді. 

Тамақтандыру - СЭС–ң санитарлық нормасымен 10 күндік мәзірмен бекітіледі. Балаға қандай калория қажет,  қандай ботқа беру керек, нені болады, нені болмайды.  Бәрі дәмді. Балалар тамақты жақсы жейді, ата-аналар да дән риза»- деп әңгімелейді Мейрамгүл Жиенбаева. 

Кәсіпкер мұнымен тоқтамай, бизнесін кеңейтсем деп отыр.  Осы ауданда балабақшасының филиалдарын ашу жоспары бар. Қолданыстағы бақшаның қасынан салынып жатқан жаңа ғимаратта  жабық бассейін салуды көздеп отыр. 

30 қаңтар, 2019 - 15:30 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші