check

You are here

2018 жылдағы азаматтардың өтініштеріне шолу

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2018 жылдың 12 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардан 5791 өтініш келіп түсті, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы жіберілген азаматтардың өтініштерінің саны 1363 (24 %).

Өтініштердің басым бөлігі жеке тұлғалардан 4888 (84%) келсе, заңды тұлғалардан 903 (16%) өтініш келіп түсті.

Өтінішпен 4841 (84%), сұрау салумен – 655 (11%), арызбен – 236 (4%), ұсыныстар мен пікірлермен – 59 (1%) азаматтар өтініш білдірді.

Өтініштердің көптеген бөлігі орыс тілінде  3980 (69%), қазақ тілінде 1122 (19%), қазақ және орыс тілінде 689 (12%) берілген. Өтініш иелеріне жауап заңнамаға сәйкес өтініш тілінде қайтарылған.

5791 өтініштің 3206 (55%) – азаматтардан, 864 (15%) – зейнеткерлерден, 474 (8%) – мүгедектерден, ҰОС-на қатысқандар және оларға теңістірілген тұлғалардан, 385 (7%) – фирмалар мен кәсіпорындардан, 219 (4%) – МЕҰ-дан, 140 (2%) – ұжымдардан, 58 (1%) – жұмыссыздардан, 51 (1%) – заңгерлерден, 50 (1%) – шет ел азаматтарынан, 45 (0,8 %) – көпбалалы отбасылардан, 40 (0,7 %) – оралмандардан, 31 (0,5 %) – жеке бас бостандығынан айырылғандардан, 24 (0,5 %) – бұқара ақпарат құралдарынан, 204 (3,5%) – басқа жерлерден келіп тұскен.

Өтініште қаралатын сұрақтар бойынша еңбек және халықты жұмыспен қамту – 1576 (27%), зейнетақымен қамсыздандыру – 1387 (24%), әлеуметтік қамсыздандыру және қызметтер – 1081 (19%), еңбек заңнамасын бұзуға байланысты – 368 (6%), өтемақы мен жәрдемақылар төлеу – 367 (6%), мүгедектік тобын белгілеу – 296 (5%), жұмыспен қамту – 210 (4%), жалақы мәселесі – 140 (2,6 %), үймен қамтамасыз ету – 61 (1%), көш-қон мәселесі – 54 (1%), архивтік құжаттар мәселесі – 22 (0,4%), басқалары – 229 (4%).

Өңірлер бөлінісінде азаматтардың өтініштері тұрақты қалыпта. Өтініштердің басым бөлігі Астана қаласынан – 1144 (20%), Алматы қаласынан – 897 (15%), Түркістан облысынан (Шымкент қаласын қоса алғанда) – 460 (8 %), Қарағанды облысынан – 384 (7%), Шығыс Қазақстан облысынан – 361 (6%),  Алматы облысынан – 324 (6 %) келіп түскен.

Барлық өтініштен уақтылы қаралды, ал азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес  уақтылы қаралып заңнамаға сәйкес мерзімде жауап берілген.

29 қаңтар, 2019 - 12:37 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші