check

You are here

Қазақстанда жастарды еңбекпен қамту сайты жұмысын бастады

Еңбекке жол

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен, Қарағанды қаласында «Еңбекке жол» http://prz.enbek.gov.kz сайтының тұсау кесері болды. Ол жастарды жұмыспен қамтуды арттырып, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесе отырып сайт жасады, онда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы мәлімет беріледі. Мақсат-2019 жылдың 25 мамырына дейін жұмыссыз жастардың 3 пайызын еңбекке тарту.   

«Еңбекке жол» жобасы үш бағыт бойынша жұмыс істейді: бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіби білім берумен және қысқа мерзімді оқытумен қамту; жаппай кәсіпкерлікті дамыту; халықты жұмыспен қамту арқылы еңбек нарығын және мобильді еңбек ресурстарын дамыту. 

Жобаға  кәсіби білімі жоқ және оқу орнына түспеген 9-11сынып оқушылары, аз қамтылған отбасылардың балалары, жұмыс іздеп жүргендер мен жұмыссыздар қатыса алады. 

26 қаңтар, 2019 - 14:41 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші