check

You are here

Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып оқу оқып, жұмыс істей алады

Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып оқу оқып, жұмыс істей алады

2018 жылы  XXI жылдың цифрлы біліктілігіне оқыту жобасы бастау алып, өз тиімділігін көрсетті. Басты мақсат мүмкіндігі шектеулі жандарды, көпбалалы аналарды, жұмыссыздарды, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарды қамту болды. Оқыту 15 сабақтан тұратын  SMM  арқылы жүргізілді. Осы орайда білім алған мектеп түлектері ендігі өздерін табысы бар жұмыспен қамтып отыр.  

2018 жылдың 28 желтоқсанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Әмір Сүлейменовтің ISIT мектебі  арасында келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі  жандардың білім алуына гранттар беру қарастырылған. Келісім шартта пилотты жобаны аймақтар деңгейінде енгізу қадамы жазылған.

Қазір SMM-менеджерлері, SEO-мамандығы, контексті жарнама, JAVA-әзірлеушілер, бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу  мамандықтарына оқыту жүріп жатыр. Бүгінгі күні 25 адам грантқа оқуға қол жеткізді. Биылғы жылы 1000 адамды оқыту  жоспары бар.

ISIT Интернет технологиялардың инновациялық мектебі  – ТМД елдері ішінде ашылып отырған алғашқы әлеуметтік мектеп болып табылады. Ол халықтың осал топтарын оқытатын мектеп. Күндізгі және онлайн оқыту  интернет-маркетинг, веб-әрлеу, бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу бағыттары бойынша жүргізіледі. 

24 қаңтар, 2019 - 18:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші