check

You are here

Жұмыс берушілер ұсынған өтінімдер тізбесі бекітілмей, жоспарлы іс-шаралар уақытша тоқталды.

Сәлеметсізбе. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңында  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, тартылатын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздардың санын, оларға еңбекақы төлеу шарттары мен мөлшерін және қаржыландыру көздерін айқындайды деп көрсетілген, бірақ салалық жергілікті уәкілетті орган тарапынан Халықты жұмыспен қамту орталығы жинықтап, ұсынған жұмыс берушілердің өтінімдері, ұйымдардың тізбесі қазіргі таңда бекітілмей отыр. Салалық жергілікті уәкілетті органы 2019 жылға арналған бюджеттік өтінім бойынша қаралған қаржы шегінде айқындалған адам санымен бекіту қажет, деп хат жүзінде қайтарып отыр. Жұмыс берушілер ұсынған өтінімдер бойынша талап етілген адам саны 500-ден астам, бекітуге лимит санынан асып, заңсыздыққа жол бергендігі жөнінде хат жүзінде жеткізілді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  жұмыс берушілер ұсынған өтінімдерді  бекітпей, қараусыз қалдыруға құқылы ме.

Жауап: 

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді.
Қағидалардың 7-тармағы бойынша «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жастар практикасын ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайы мен еңбегіне ақы төлеуді және қаржыландыру көздерін бекітеді.
Жалпы, Қағидалардың 6-тармағына сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жастар практикасы ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады, сондай-ақ, жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.
Осыған орай, тиісті жылы жастар практикасына жіберілетін түлектер қатарындағы жұмыссыздардың саны сол жылы жастар практикасын іске асыруға көзделген қаражат мөлшеріне пропорциональды болады.
Бұл ретте, жұмыс берушілерден түскен өтінімдердің санына шектеу қойылмайды.

Сұрақтың нөмірі: 358016
22 қаңтар, 2019 - 16:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші