check

You are here

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2018» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Парыз 2018

11 желтоқсанда Еліміздің ең беделді марапаттарының бірі - «Парыз» және «Алтын сапа» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме –байқауының жүлделері табысталды.

 Аталған шараны жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып өткізіп келеді. Бұл байқауға биыл 11 жыл.

Байқау - халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғамға өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қалыптастыруға және көбейтуге бағытталған.

Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауға қатысуға республикада  391 кәсіпорнын  өтінім білдірді.

Жеңімпаздарға төрт аталым бойынша анықталды: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Байқаудың лауреаттары атағын беру жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен ең жоғарғы марапат - Қазақстан Республикасы Президентінің Гран-приі «Казцинк» ЖШС-не берілді.

2017 жылдың ішінде «Казцинк» ЖШС-і өңірлердің инфрақұрылымдық дамуына, денсаулық сақтау объектілеріне, дәстүрлі діндерге (мешіттер, храмдар, синагогалар), табысы аз азаматтарға, интернаттар мен жетімдер үйлеріне, спорт, мәдениет және өнер салаларын дамытуына қайырымдылық ретінде 11 млрд. тенге қаражат бөлінді.

Оқыту, кәсіби даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға 1 жұмыскерге жұмсалатын шығындар 428,5 мың теңгені құрайды. Еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігіне 1 жұмыскерге жұмсалатын шығындар – 483 мың теңге.

 «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы марапатталса, «Азия-Тарангул» ЖШС шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңіске жетті.

 «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Казхром» ТҰК» акционерлік қоғамы үздік шықса, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында «Инкар-1» ЖШС марапатқа лайық деп танылды.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында көшбасшы ретінде ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында «Жетісугаз Корпорациясы» АҚ жеңімпаз болды. 

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Интергаз Орталық Азия» АҚ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында   «ИЛИН» ЖШС үздік атанды.   

Атап айтқанда, «Парыз» байқауына еліміздің барлық өңірлерінен (2008-2018 жж.) 5000-нан астам кәсіпорын қатысты. Бүгінгі күнге 284 компания «Парыз» жеңімпаздары болып атанды.

Байқау өтіп келе жатқан жылдар ішінде экономиканың көптеген салаларындағы қазақстандық кәсіпкерлер арасында әлеуметтік жауапкершіліктің өсу динамикасы байқалады.

Осы жылдары әлеуметтік бағдарламаларға және қайырымдылыққа 164 миллиард теңге бөлінді. Биоалуантүрлілікті дамытуға, сақтауға, өсіруге 5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, 475 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

11 желтоқсан, 2018 - 19:10 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші