check

You are here

Жаңа жылдан бастап ең төменгі еңбекақы алатын 1 млннан астам қазақстандықтың жалақысы екі есеге өседі

жалақының өсуі

2018 жылдың 27 желтоқсанында ҚР «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы »  Заңына енгізілген түзетулерге орай осындай мүмкіндік туып отыр. Өзгерістер табыс көзін арттыруға және әр қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.   

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойныша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы көлемі 1,5 есеге өсіп, 28 мың теңгеден  42 500 теңгеге дейін артады. Сондай-ақ ол күн көріс деңгейінің шамасына байланысты болмайды және ең төменгі еңбекақы  күн көріс деңгейінен төмен болмауы керек деген ұстаным сақталатын болады.   

Салық салу барысында ең төменгі жалақы сомасына  жеке табыс салығы салынбайды. Сондықтан ең төменгі жалақыны көтеру барысында  6 млнға жуық жалдамалы жұмысшының табысы жылына 15 мың теңгеге өседі. Бұл табыс салығынан босатылған  көлемнің арту есебінен орын алады.  

Ең төменгі жалақы  еңбек ақының минималды стандарттардың көрсеткіші  болып табылатынын ескерсек, ең төменгі табыс көзі бар 1 млнға жуық қазақстандықтың   еңбекақысы 50 пайызға дейін өседі, 2018 жылдың деңгейімен салыстырғанда. 

Еңбекақының өсуі мына санаттағы азаматттарға қатысты болмақ; 1-4 разрядтағы жұмысшылар, негізгі, әкімшілік және орташа мамандандырылған білімі бар және тәжірибесі аз  техникалық қызметшілер. 

Мысалы, негізгі қызметшілер ішінде тәрбиешілердің, бала бақша әдіскерлерінің, лаборанттардың, медбикелердің, фельдшерлер, акушерлер және т.б. жалақысы өседі.  Әкімшілік, қосалқы, техникалық қызметшілер - техниктер, аудармашылар, әдіскерлер, іс жүргізушілер, архивариустар, хатшылар, операторлар және т.б.  

29 желтоқсан, 2018 - 15:34 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші