You are here

Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін жаңғырту

Ағымдағы жылы Қазақстанның 4 өңірінде медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін жаңғырту бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. 

Пилоттық жоба шеңберінде қызмет алушыларды тікелей куәландырумен қоса Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ықпалдастырылған ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта келіп түскен медициналық құжаттардың негізінде, тікелей өзінің қатысуынсыз, қатарлас сырттай куәландыру өткізіледі.  

  1. Медициналық ұйымдарда пациентті медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаған кезде 088/у электрондық нысаны толтырылады.
  2. Пациенттің техникалық жабдықтарға және оңалту қызметтеріне мұқтаждығы анықталып, жеке оңалту бағдарламасының медициналық бөлігі құрылады;
  3. Пациент сырттай куәландыруға келісімін береді;
  4. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың сарапшы дәрігерлеріне пациенттің мәліметтерін деперсонификациялаумен медициналық құжаттарға қол жетімділік беріледі;
  5. Сырттай куәландырудың оң шешімі кезінде мүгедек тобы және/немесе жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейі және/немесе кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту орнатылады, сондай-ақ жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік және кәсіби бөлігі әзірленеді.  
  6. Автоматтандырылған режимде мүгедектігі бар адамға проактивті режимде келесі қызметтер көрсетіледі:  

«Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау ……»;

«Еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік жәрдемақы                      тағайындау ……»;

«Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау»;

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;  

«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу»,

«Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

«Мүгедектерге кресло-арбалар беру»,

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету».

25 желтоқсан, 2018 - 15:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші