You are here

Жеке көмекші кімге және қандай тәртіппен беріледі?

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші қызметі көрсетіледі.

Жеке көмекші мүгедекті тұратын орнынан жету орнына дейін және кері қайтаруда сүйемелдеу бойынша қызмет көрсететін маман: (жұмысқа, оқу орындарына, сонымен қатар, мүгедектердің жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарға барғанда, сот, прокуратура, әлеуметтік сала объектілері, заңгерлік консультация, нотариус, мәдени шаралар, спорт ғимараттары, сауда, медициналық мекемелер объектілері, жұмыспен қамту, өз құқығын қорғаумен байланысты тұрмыстық қызмет кәсіпорындары мен басқа да мекемелер).

Жеке көмекшінің қызметін жергілікті атқарушы органдар мүгедектік өтінімі мен медициналық көрсеткіштерді және қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, медициналық ұйымның шешімі негізінде құрылған мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы негізінде береді.   

Жеке көмекші қызметін беру тәртібі Жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші қызметін беру қағидаларында реттелген (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы).

Жеке көмекшінің қызметін, сонымен бірге жол шығынын және т.б. төлеу шарттары, сонымен қатар, жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері және көрсетілетін қызмет тізбесі шартта көрсетіледі.  

Жеке көмекшінің қызметін төлеуді мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымның азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбек ақы жүйесіне бір сағатқа, бірақ күніне 8 сағаттан аспайтынға сәйкес әлеуметтік жұмыс бойынша маманның еңбек ақы мөлшерінің есебіне қарай жұмыспен қамту бөлімдері жүргізеді.  

Қажетті құжаттардың тізімі:

Жұмыспен қамту бөлімдері өтінімді қабылдаған кезде мемлекеттік органдардың АЖ және (немесе) ұйымдарға «электрондық үкімет» шлюзі арқылы келесі мәліметтер алу үшін  жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуды қалыптастырады:

1) жеке куәлік құжаты туралы;

2) тұрақты мекен-жайында тіркеу туралы;

3) мүгедектікті орнату туралы;

4) ЖОБ әзірленген іс-шаралар туралы.

Мәліметтер болмаған жағдайда ақпараттық жүйеден өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:

1) мүгедектің жеке куәлік құжатының көшірмесі;

2) өтініш бергендегі көрсетілген адамның - заңды уәкілінің немесе келісім алған адамның жеке куәлігінің көшірмесі;

3) тұрақты тұратын жері бойынша растайтын құжат (мекенжайдың анықтама немесе ауыл және/немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

4) мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі;

5) ЖОБ –нен үзінді көшірмесі.

Құжаттардың тұпнұсқасы және көшірмесі салыстырып тексеру үшін, одан кейін құжаттардың тұпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады. 

25 желтоқсан, 2018 - 15:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші