check

You are here

2018 жылдың үшінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 161 783 теңгені құрады

средняя зарплата

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында атаулы жалақының индексі өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда 109,3%,  нақты – 103,1%  құрады.

Жалақының индексі тауарлар мен қызмет түрлеріне тұтынушының бағасының индексіне қарай атаулы жалақының индексімен анықталады. Екі индекс те бір уақыттың кезеңіне байланысты.

2018 жылдың үшінші тоқсанында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылар тізім саны (кәсіпкерлікпен айналысып жүрген шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда)   3755,5 мың адамды құрады, нақтырақ айтқанда  -3543 мың адам.

Жұмысшылардың тізім саны  –қол қойылған мерзіміне қарамастан, еңбек келісім-шарты бойынша қабылданған тұлғалардың, сондай-ақ қоғамдық бастамаларда жұмыс істеп жүргенде саны.

Жұмысшылардың нақтырақ саны (орташа жалақыны есептеуді қабылдағанда) – жұмысқа формалды тіркелген жұмысшылардың жекелеген санатын шегеріп тастағанда тізім құрамындағы жұмысшылар саны  (жүктілік және бала туу, бала күтімі және тағы басқа бойынша демалыстағы тұлғалар).

2018 жылдың үшінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы  161 783 теңгені (өткен тоқсандыққа 99,4%, өткен жылдың тоқсанына сәйкес  109,3 ) құрады.

Аймақтар бойынша қарастыратын болсақ, көбірек жалақы алатын облыстар қатарында Атырау – 310 568 теңге, Маңғыстау - 273 160 теңге, Астана қаласы –  240 683 теңге.  

Алматыда орташа жалақы көлемі 197 736 теңгені, БҚО -155 796 тг, Қарағанды облысы-146 324, Павлодар -139 015,  Ақтөбе облысы - 137 526, ШҚО  -135 841, Қызылорда облысы -132 829,  Қостанай өңірінде - 125 522, Ақмола облысы- 121 358, Шымкент қаласында - 113 716, Алматы облысы -113 660, Жамбыл облысы -110 988, СҚО - 110 853, Түркістан облысы -  98 834 теңгені құрайды.

Бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы жұмысшылардың нақты санына және  есеп беру кезеңіндегі айлардың санына жалақы қоры есептеген соманы бөлу арқылы анықталады.   

Ең жоғарғы жалақы алатын саланың бірінші ондығына кіретіндер: теңіз және жағалау жүк көлігі  683 234 теңге (100,8% өткен тоқсанда,  99% өткен жылдың сәйкес тоқсанында), еңбекпен қамту  563 449   (109,4%-113,1%), су көлігі 560 818 (101,4% – 97,2%), басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру  505 020 (108,2%-95,2%), міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет  499 228 (112,4%-116,2%),  құбыр желісі бойынша тасымалдау 472 658 (121,7% – 115,8%), әуе жолаушылар көлігі  417 865 (96,8% – 114,8%), әуе көлігі 414 931 (97,1% – 114,5%), сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда - 378 930 (128,9%-160%), сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету 374 188 (86,9-136%).

Әлдеқайда төмен жалақы алатын саланың ондығына кіретіндер: жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату  51 438 тенге (79,3% өткен тоқсандықта) және аквамәдениет  58 378 (өткен тоқсанда 104,6%, өткен жылдың сәйкес тоқсанында   – 150%), мектептке дейінгі білім беру  62 373 (92,1%-101,1%), бірге тұрып әлеуметтік қызмет көрсету  78 314 (97,6%-103,9%), бастауыш білім  (бірінші сатысы) 80 381 (85,7%-113,2%), бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету 80 899 (99,7%-101,3%), тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету  87 734 (105,2% -107,8%), білім беру  97 482   (84,6%-107,9%),  жоғары білім  149 784 (90,6%-117,7%), ветеринарлық қызмет  98 236 (108,8%-101,4%).

2018 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда мына салаларда жалақы өсті:  туроператорлар қызметінде, турагенттіктер мен  туризм саласында қызмет ететін ұйымдарда– 162 838 теңге (99,2%-138,3%), сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету 374 188 (86,9%-136%), жеке қолданудағы компьютерлерді, тұрмыстық тауарларды жөндеу 237 840 (105,8% - 128%), жүкті сақтау және қаттау 130 530 (102,4%-125,2%), әкімшілік салада және қосымша қызмет көрсету 193 234 (107,8%-123,2%), өзен жүк көлігі 149 737 (115,3% – 122,8%), жоғары білім 149 784 (90,6%-117,7%), қаржылық және сақтандыру қызметі 317 413 (94,7%-116,4%), міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметі 499 228 (112,4%-116,2%), қоғамға жалпы мемлекеттік қызмет көрсету 135 898 (99,8%-115,9%).

Үшінші тоқсанда өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда мына салаларда жалақы төмендеді: қосымша білім беру қызметі 143 576 тенге (114,9%-78,6%), жарнамалық қызмет және нарық жағдаятын зерттеу  156 364 (95,6%-83%), әкімшілік –басқару, шаруашылық және өзге де қосымша қызмет көрсету салаларында 172 149 (116,9%-87,7%), кино өндірісі, бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар, фонограмма және музыкалық жазбалар  149 444 (90,6% – 87,8%), автокөлікпен жүк тасымалдау және тасымалдау бойынша қызмет  226 959 (97,9% – 90,1%), басты компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша кеңес беру 505 020(108,2%-95,2%), компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да тиісті қызмет түрлері 304 281 (102,2%-96%), су көлігі 560 818 (101,4% – 97,2%), жылжымайтын мүлікке қатысты жүргізілген жұмыстарға келісім негізінде  сыйақы беру 144 229 (116,3%-98%), теңіз және жағалау жүк көлігі 683 234 (100,8%– 99%).

Аймақтар бойынша есептегенде жұмысшылардың нақты саны Алматы қаласында (467,2 мың адам), Қарағанды облысында (321 мың), ШҚО (283,5 мың), Астана қаласында (265,7 мың),  Алматы облысы (225,1 мың), Түркістан облысы (207 мың), Атырау облысы (201,8 мың),  Шымкент қаласында (183,8 мың адам).

Әлдеқайда аз – СҚО (114,9 мың), БҚО (133,4 мың), Қызылорда облысы (145,7 тыс), Ақмола облысы (149,9 мың), Маңғыстау (150 мың), Жамбыл облысы (158,9 мың), Қостанай облысы (178,2 мың), Актөбе облысы (181,7 мың), Павлодар облысында (190 мың адам).

Экономикалық қызмет түрі бойынша жұмысшылардың басым бөлігі білім саласында  (952,7 мың адам, оның  710,4 мыңы әйелдер), 620,1 мыңы – өнеркәсіпте (оның ішінде 161,2 мыңы әйелдер), 408,5 мың адам мемлекеттік басқару, қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету (139,2 мың әйел), 407,2 мыңы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету  (319,2 мың әйел ), 220,9 мыңы көлік және қаттау саласында (57,2 мыңы әйел), 165,9 мыңы – құрылыста (18,8 мың әйел), 135 мыңы әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласында  (26,3 мың әйел) еңбек етуде.

Тегтер:
20 желтоқсан, 2018 - 18:04 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші