«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК (бұдан әрі – «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК), Еңбекті қорғау саласындағы регламенттеу зертханасына бос лауазымға орналасуға конкурс өткізеді.
Бос лауазымға орналасуға конкурс түрі:
Ұйымның қызметі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Ғылыми қызметкер:
Лауазымдық мiндеттерi.
Бiлуге тиiс:
Өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндеттері, осы зерттеулер және өңдеулер туралы отандық және шетелдік мәлiметтер, зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдiстері ме құралдары, тәжiрибелер мен бақылаулар өткiзу, ақпараттар, оның iшiнде электронды-есептеуiш техниканы қолдана отырып қорытындылау мен өңдеу, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар.
Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм және мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 2 жыл.
Практикалық жұмыста сауатты мазмұндау деңгейінде мемлекеттік тілді міндетті білу.
Құжаттарды қабылдау күні 21.12.2018 ж.
Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні 08.01.2019 ж.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып);
4) Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бекіткен нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.